"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 203 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20447 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергия аудиторларына кандидаттардыаттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадығы № 1123 (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 12587 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 13-3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидалары, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрінің
міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар жəне

      аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 203 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1123 бұйрығымен
бекітілген

Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидалары

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 13-3) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу мен "энергия аудиторларына кандидаттарды аттесттау" (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты (бұдан әрі - энергия аудиторының аттестаты) - уәкілетті орган беретін және энергия аудиторының "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес бекітілген, қойылатын рұқсат беру талаптарына (бұдан әрі - Рұқсат беру талаптары) сәйкестігін растайтын құжат;

      2) аттестаттау - уәкілетті органның энергия аудиторларына қойылатын Рұқсат беру талаптарына кандидаттардың сәйкестігін тексеру рәсімі;

      3) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) кадрлардың қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы куәлік (бұдан әрі - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәлік) - оқу орталығы беретін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткенін растайтын ресми құжат;

      5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) энергия аудиторларына кандидат (бұдан әрі - кандидат) - жоғары инженерлік-техникалық білімі және қажетті жұмыс өтілі бар, аттестаудан өтуге өтініш берген жеке тұлға;

      7) энергия аудиторларының тізілімі (бұдан әрi - Тізілім) - энергия аудитін жүргізу құқығы бар энергия аудиторларының бірыңғай тізімі.

      8) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынады немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның көшірмесін;

      3) энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің көшірмесін;

      4) кандидаттың еңбек қызметінің жалпы техникалық жұмыс өтілінің кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда кемінде 1 (бір) жыл энергия аудиторы болуын растайтын құжаттың көшірмесін;

      5) III және одан жоғары рұқсат беру тобының білімін біліктілік тексеру хаттамасының көшірмесі.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар қағаз және (немесе) электрондық түрде ұсынылады:

      1) қағаз түрінде ұсынылған жағдайда кандидат тігеді, нөмірлейді, әр парағына қолын қояды және көрсетілетін қызметті берушініңкеңсесі арқылы ресімделеді.

      Қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын расталуы, оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады;

      2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда, портал арқылы ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) нысанында баяндалған.

      Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жауапты орындаушы кандидаттың ұсынылған құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) және мемлекеттік қызмет көрсету нысанына сәйкес оны көрсетілетін қызметті алушыға қағаз құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия аудиторының аттестаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

      5) энергия аудиторларына кандидаттың "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басып шығарылады.

      12. Аттестаттау рәсімінен өткеннен кейін энергия аудиторының дербес деректері тізілімге енгізіледі.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      14. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-Тарау. Көрсетілетін қызметті беруішінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда мынадай себептермен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Энергия аудиторларына
кандидаттарды
аттестаттауды жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________
(мекенжайы)
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)
____________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(мекенжайы, телефоны,
электрондық мекенжайы)
____________________________

Өтініш

      Мені, ____________________________________________________________________,

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      ________________________________________________________________________________

      Энергия аудиторы ретінде аттестаттауды сұраймын.

      Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________________________

      5. ______________________________________________________________________________

      Осы өтінішпен ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес анық емес ақпараттарды ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын.

      ________________________________________________ ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)            (қолы)

  Энергия аудиторларына
кандидаттарды
аттестаттауды жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Энергоаудитор аттестаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басып шығарылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақысыз.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның көшірмесі;
3) энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің көшірмесі;
4) кандидаттың еңбек қызметінің жалпы техникалық жұмыс өтілінің кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда кемінде 1 (бір) жыл энергия аудиторы болуын растайтын құжаттың көшірмесін;
5) III және одан жоғары рұқсат беру тобының білімін біліктілік тексеру хаттамасының көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
5) энергия аудиторларына кандидаттың "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.miid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) портал - www.egov.kz орналастырылған.

  Энергия аудиторларына
кандидаттарды
аттестаттауды жүргізу
қағидаларына 3-қосымша
  нысан

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"



Нұр-Сұлтан қ.
г. Нур-Султан
Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]
Күні: [Берілген күні] ж.


[кандидаттың Тегі, Аты, Әкесінің аты]
(бар болған кезде)
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Кіріс құжатының нөмірі] № [Күні] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының ТАӘ]
 

  Энергия аудиторларына
кандидаттарды
аттестаттауды жүргізу
қағидаларына 4-қосымша
  нысан

"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"






Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
АТТЕСТАТЫ
Аттестаттау түрі: [алғашқы немесе қайта]
Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]
Күні: [Берілген күні] ж.
 
Осы аттестат [Тегі, Аты, Әкесінің аты], [туған күні]
(аттестатталған тұлғаның толық Т.А.Ә.) (туған күні)
ЖСН: [жеке сәйкестендіру нөмірі]
оның рұқсат беру талаптарына сәйкес екендігіне берілді.
Аттестаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 3 (үш) жыл.
Аттестат Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
[Уәкілетті органның басшысы лауазымы] [қол қоюшының ТАӘ]
 

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму Министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 203 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 112 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі тіркелген № 14973, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 11 сәуірде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 640 бұйрығымен бікітілген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірліктің кейбір бұйрықтар тізбесінің 5-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі тіркелген № 19270, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 26 тамызда жарияланған).

      3. "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 294 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі тіркелген № 15239, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 27 маусымда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады