БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16533 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлейтін агенттің (әлеуметтік төлемдерді төлеушінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдердің нысандары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік төлемдерді төлейтін агенттің (әлеуметтік төлемдерді төлеушінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
20 __ жылғы "___" ____________ | № _______ |
(жазба күні) |
________________________________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
________________________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
______________________________________________________________________ ұсынылды.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы
21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы
Заңының 31-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және "Міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек
сомасы туралы 20__ жылғы "___" _________ № ______ хабарламаның, аударымдар және
(немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы 20__ жылғы "___" _________ № ______
хабарламаның, әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы 20__ жылғы "___"
_________ № ______ хабарламаның орындалмауына байланысты
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы,
________________________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы
25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының
2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда,
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің,
жеке практикамен айналысатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
________________________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН немесе БСН),
орналасқан орны)
________________________________________________________________________________
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
________________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.
Мөр орны _________________________________________________________________
(мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Осы өкім 20___жылғы "__" ________ табыс етілді.