"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20778 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі:

      9-тармақтың 16 және 25-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "kҚҚС – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 34-бабына сәйкес қосылған құнға салық мөлшерлемесі (бұдан әрі – ҚҚС) (халықаралық қатынастарда қосылған құнға салық коэффициенті алдыңғы кезең фактісі бойынша сараптамалық бағалау арқылы анықталады).".

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Облысаралық қатынастар бойынша тасымалдаушының шығындарын есептеу кезінде локомотивтік тартқыш қызметіне шығындар ескерілмейді.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16.Әлеуметтік төлемдер – бұл "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес төленетін әлеуметтік салық, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы заңға сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар мен төлемдер және еңбекақы төлеу қорынан есептелетін "Міндетті медецинаны сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңға сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.".

      36-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабымен белгіленген міндетті сақтау төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (тасымалдаушы өз жұмыскерлерінің пайдасына жасасқан жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша тасымалдаушы төлейтін жарналар)";".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.08.2020 № 436 (01.07.2020 ж. қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады