"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметін ұйымдастыруға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау блогына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғ. Нұрдәулетов _________________ |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев ___________________ |
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)төрағасы А. Шпекбаев ____________________ |
Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу және оны өткізу шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кандидат - алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуден өтетін адам;
2) тыңдаушы - алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданған адам;
3) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған цифрлық баламамен әріптік жүйеге сәйкес оқу жетістіктерінің деңгейін балмен бағалау жүйесі.
3. Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарға алғаш рет кіретін адамдар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.
4. Алғашқы кәсіптік даярлықтың міндеті құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін адамдардың кәсіби дағдыларды алуына бағытталған кәсіптік оқыту болып табылады.
2-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі
5. Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге (бұдан әрі - іріктеу) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады.
6. Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу бірқатар реттік кезеңдерді:
1) іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
2) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдауды;
3) құқық қорғау органының орталық аппаратында не аумақтық немесе оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) әңгімелесуден өтуді;
4) әскери-дәрігерлік комиссияларда (бұдан әрі - ӘДК) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтуді;
5) полиграфологиялық зерттеуден өтуді;
6) Академияда емтихан тапсыруды қамтиды.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген кезеңдерден өту кандидаттың таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде және жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның электрондық нысаны міндетті түрде болған кезде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) 5) және 6) тармақшаларындағы кезеңдерді өтуі техникалық жазу құралдарының (аудио-, бейнежазба) көмегімен тіркеледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 01.02.2023 № 47, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 21.02.2023 № 61 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 02.02.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.8. Шынайы емес ақпарат беру, сондай-ақ кандидаттардың осы Қағидалардың 6-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген кезеңдерге дәлелсіз себептермен келмеуі іріктеу кезеңдерінен одан әрі өтуінен бас тартуға негіз болып табылады.
9. Іріктеу өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі - хабарландыру) құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады. Бұл ретте, хабарландыруды жариялау бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуы тиіс.
10. Хабарландыру мынадай мәліметтерді:
1) құжаттарды қабылдау мерзімін (хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кем емес);
2) негізгі функционалдық міндеттерін, еңбекақы мөлшері көрсетілген лауазымдардың атауын;
3) кандидатқа құқық қорғау қызметін өткерудің тәртібін реттейтін құқықтық актілерде белгіленген негізгі талаптарды;
4) қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
5) өтініштерді қабылдайтын аумақтық бөлімшенің орналасқан жері, оның пошталық мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірлері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Хабарландыруда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпарат қамтылуы мүмкін.
11. Іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдауды құқық қорғау органдарының кадр қызметтері (бұдан әрі - кадр қызметтері) жүзеге асырады.
12. Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы жібереді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттарды (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған толық өмірбаянды;
5) кез келген өңірде қызмет өткеруге келісімі туралы өтінішті;
6) әскери билетті немесе тіркеу куәлігін тапсырады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 01.02.2023 № 47, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 21.02.2023 № 61 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 02.02.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.13. Кадр қызметтері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының кандидаттың құқық қорғау қызметіне кіруге белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарауды жүзеге асырады және әрбір кандидатқа жеке істі қалыптастырады.
Бір мезгілде кандидаттарды тексеруге арналған тізімдер құқық қорғау органдарының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелеріне (бұдан әрі - ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелері) жіберіледі, олар тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды кадр қызметтеріне белгіленген әңгімелесу өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
14. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша кадр қызметтері оны өткізу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, Әңгімелесуді өткізу кестесін қалыптастырады, ол құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Кесте әңгімелесу тағайындалған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
15. Әңгімелесу өткізу үшін әрбір құқық қорғау органында не оның аумақтық бөлімшесінде құрамына кемінде бес мүше кіруі тиіс комиссия құрылады. Құқық қорғау органының басшысы (немесе уәкілетті басшы) не оның орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады.
Құқық қорғау органының шешімі бойынша әңгімелесу аудио-бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы "онлайн" өткізілуі мүмкін.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 31.01.2024 № 15, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 01.02.2024 № 32 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.16. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әңгімелесуге байқаушылар шақырылуы мүмкін.
Әңгімелесуге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері байқаушылар ретінде қатысуы мүмкін.
17. Байқаушы ретінде әңгімелесуге қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе оның электрондық нысанын және осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ұйымдардың бірінде еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Бұл ретте, кадр қызметі құжаттардың көшірмелерін әңгімелесу басталғанға дейін түпнұсқалармен салыстырады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 01.02.2023 № 47, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 21.02.2023 № 61 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 02.02.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.18. Әңгімелесу барысында байқаушылар кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын іріктеу рәсімдеріне қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
19. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Шешім хаттама түрінде еркін нысанда ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.
20. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңдық күші бар деп есептеледі.
21. Әңгімелесу әр кандидатпен сыпайылық және жылы ықылас жағдайында жеке өткізіледі.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен әңгімелесу барысында тіркелген материалдар кадр қызметінде бір жыл бойы сақталады.
22. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) "алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің одан әрі кезеңдерінен өтуге ұсынылсын";
2) "алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің одан әрі кезеңдерінен өтуден бас тартылсын".
Шешім қабылдау кезінде комиссия мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу нәтижелерін, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық бөлімшелердің қорытындысын ескереді.
23. Әңгімелесу нәтижелері бойынша алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің одан әрі кезеңдеріне ұсынылған кандидат қызметке жарамдылығын анықтау үшін ӘДК мен полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
Кадр қызметі кандидатқа ӘДК-дан өтуге арналған жолдаманы кандидаттың 3х4 көлеміндегі (2 дана) түрлі-түсті фотосуретін ұсынған сәттен бастап дереу береді.
24. Кандидаттарды полиграфологиялық зерттеу аумақтық бөлімшелерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларымен айқындалған тәртіпте жүргізіледі.
25. Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған және полиграфологиялық зерттеуден өткен кандидат емтихан тапсыру үшін Академияға жіберіледі.
Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамсыз деп танылған, психофизиологиялық сараптаманың теріс нәтижелерін алған кандидат одан әрі іріктеу кезеңдеріне жіберілмейді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 31.01.2024 № 15, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 01.02.2024 № 32 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.26. Кандидаттардың полиграфологиялық зерттеулерден және ӘДК-дан өту нәтижелері бойынша кадр қызметтері нәтижелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттың жеке істерін, полиграфологиялық зерттеулердің және ӘДК-ның нәтижелерін қоса тіркей отырып, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес кандидаттардың тізімін Академияға жібереді.
27. Академия осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген кандидаттарға соңғы материалдарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны өткізу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, емтихандарды өткізу кестесін қалыптастырады, ол құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Кесте емтихан тағайындалған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
28. Кандидаттардан емтихан қабылдау үшін емтихандық комиссиялар құрылады.
28-1. Емтихан комиссияларының, сондай-ақ апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібі мен құрамын қалыптастыру Академия ректорының бұйрығымен анықталады.
Ескерту. Қағидалар 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 31.01.2024 № 15, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 01.02.2024 № 32 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.29. Емтихандық комиссиялардың құрамын Академия ректоры бекітеді және ол Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
30. Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің үш сұрағына ауызша жауаптары және комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтары түрінде өткізіледі.
31. Академияның шешімі бойынша емтихан аудио-бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы "онлайн" өткізілуі мүмкін.
32. Ауызша емтихан қабылдайтын комиссия мүшелері осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша емтихан ведомосына кандидаттың жауаптарын бағалауды көрсетеді.
Комиссияның әрбір мүшесі өз бағаларын жеке емтихан ведомосында көрсетеді. Кандидаттың қорытынды бағасы оған комиссияның барлық мүшелері қойған бағалардың арақатынасының нәтижелері бойынша айқындалады.
33. Ауызша емтихан нәтижелерін бағалау үшін осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі қолданылады.
34. Емтихан нәтижелері емтихан тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында жарияланады.
35. Емтихан нәтижелерімен келіспеген кандидат емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде апелляцияға бере алады.
36. Апелляциялық комиссия Академияда құрылады және кемінде бес мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.
Апелляциялық комиссияның құрамына емтихандық комиссиялардың мүшелері кіре алмайды.
37. Апелляциялық комиссияның шешімі жалпы санның 2/3 (үштен екісі) мүшелері болған жағдайда заңдық күші бар және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
38. Апелляциялық комиссияның отырысында кандидат қате жауап берген емтихан билетінің сұрақтары және оның жауаптарының нұсқалары қаралады, сондай-ақ емтихан өткізу процесінің бейне-және аудиожазбалары тыңдалады.
Қажет болған жағдайда апелляциялық комиссияның отырысына емтихандық комиссиялардың мүшелері және (немесе) кандидат шақырылуы мүмкін.
39. Қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) емтихан нәтижелері өзгеріссіз, ал апелляция қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылсын.
40. Алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылдау мәселесін шешу үшін ведомствоаралық қабылдау комиссиясы қалыптастырылады.
41. Ведомствоаралық қабылдау комиссиясының құрамына Академияның проректорлары, құқық қорғау органдары орталық аппараттарының кадр қызметтерінің басшылары, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бөлімшелердің өкілдері кіреді.
Академияның ректоры ведомствоаралық қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
42. Емтихан нәтижелерінің, кандидаттардың жеке істерін зерделеудің негізінде ведомствоаралық қабылдау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) "алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылсын";
2) "алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуден бас тартылсын".
Шешім қабылдау кезінде ведомствоаралық комиссия полиграфологиялық зерттеулердің нәтижелерін ескереді.
43. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылған кандидаттар шешім шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша кадр қызметіне міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін мынадай құжаттарды:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе оның электрондық нысанын;
2) білімі туралы құжаттың (құжаттардың) нотариалды куәландырылған көшірмесін (көшірмелерін);
Басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған кандидат білімі туралы құжатты (құжаттарды) тану немесе нострификациялау туралы куәлікті (куәліктерді) ұсынады;
3) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуретті (2 дана);
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыстары мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсынғанын растайтын құжаттарды тапсырады.
Кандидаттың не оның жақын туыстарының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі өзгерген жағдайда атын, әкесінің атын (болған жағдайда), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың (атын, әкесінің атын (болған жағдайда), тегін ауыстыру туралы куәліктің) көшірмесін ұсынады.
Кадр қызметі құжаттарды берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттарды міндетті арнайы тексеріс жүргізу үшін жібереді.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 01.02.2023 № 47, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 21.02.2023 № 61 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 02.02.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары
44. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылған кандидаттар Академия ректорының бұйрығымен алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданады.
45. Алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданғаннан кейін кандидаттармен келісімшарт жасалады.
Келісімшартта тыңдаушының, құқық қорғау органының және құқық қорғау органы білім беру ұйымының өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленеді, сондай-ақ алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында қызметті одан әрі өткерудің шарттары мен мерзімдері көзделеді.
46. Алғашқы кәсіптік даярлық үш кезеңнен тұрады:
1) Академияда оқыту;
2) тағылымдамадан өту;
3) бітіру емтиханы.
47. Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушылар үшін Академияда оқудан өту мерзімі – бес айды құрайды.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 31.01.2024 № 15, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 01.02.2024 № 32 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.47-1. Білім беру процесінің нысаны, тәртібі мен мазмұны Академия ректорының бұйрығымен анықталады.
Ескерту. Қағидалар 47-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 31.01.2024 № 15, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 01.02.2024 № 32 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.48. Тыңдаушыларға Академияда оқу кезеңінде оқу орнының жатақханасы беріледі, сондай-ақ олар тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
49. Академияда оқу кезеңінде тыңдаушы:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын, Академиядағы еңбек тәртіптемесі мен тәртіпті сақтайды;
2) сабақтардың барлық түрлеріне қатысады және тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындайды, аралық емтихандарды және оқыту бағдарламаларында көзделген және бекітілген бақылаудың өзге де түрлерін уақтылы тапсырады, өзіндік жұмысқа бөлінген уақытты тиімді пайдаланады;
3) оқу процесінде "қанағаттанарлыққа" баламалы бағадан төмен емес академиялық үлгерімді қамтамасыз етеді;
4) Академияның профессорлық-оқытушылық, оқу-қосалқы және өзге де құрамына, оқушыларға құрмет көрсетеді, олардың абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұқпайды;
5) Академияның жатақханасында тұрады;
6) мемлекеттің, оның ішінде Академия мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді;
7) құқық бұзушылық жасау, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылу, сондай-ақ қылмыстық процеске не әкімшілік іс жүргізуге қатысу фактілері туралы дереу хабарлайды;
8) оқу аудиторияларын, оқу-әдістемелік бөлмелерді, спорт, оқу, мәжіліс залдарын, компьютерлік сыныптарды, кітапхананы, оқу-әдістемелік және ғылыми базаларды пайдаланады;
9) оқытылатын оқу бағдарламалары бойынша топтық және жеке консультациялар алады.
50. Тыңдаушылар Академияда оқу кезеңінде тағылымдамадан өту үшін жіберіледі.
51. Тағылымдама құжаттарды тапсыру орны бойынша аумақтық бөлімшелерде өткізіледі.
52. Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушылар үшін тағылымдамадан өту мерзімі – бір айға дейін.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 31.01.2024 № 15, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 01.02.2024 № 32 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.53. Кадр қызметі тағылымдаман өту орнын және тағылымдама жетекшісі -тәлімгерді белгілейді.
54. Тағылымдама кезеңінде тыңдаушы:
1) белгіленген мерзімде тағылымдаманың жеке жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды;
2) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын, белгіленген күн тәртібін және еңбек тәртібін сақтайды;
3) атқарылған жұмыс есебін жүргізеді;
4) тағылымдама процесінде алынған мәліметтерді жария етпейді;
5) тағылымдама жетекшісі - тәлімгердің тапсырмалары шегінде әрекет етеді, мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді талап ететін режимдік объектілерде жүзеге асырылатын іс-шараларды, сондай-ақ оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін іс-шараларды қоспағанда, құқық қорғау органдары өткізетін іс-шараларға қатысады;
6) құқық қорғау органының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне құрмет көрсетеді, олардың абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұқпайды;
7) қызметтік мүлікке және техникалық құралдарға ұқыпты қарайды;
8) құқық бұзушылық жасау, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылу, сондай-ақ қылмыстық процеске не әкімшілік іс жүргізуге қатысу фактілері туралы тағылымдама жетекшісі - тәлімгерге дереу хабарлайды;
9) киім киюде іскерлік талаптарын ұстанады.
55. Тағылымдама жетекшісі - тәлімгер:
1) тағылымдаманың жеке жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) тыңдаушыны функционалдық міндеттерімен, құқық қорғау органының жұмысын ұйымдастырумен таныстырады;
3) тағылымдаманың жеке жоспарында көзделген мәселелерді зерделеуге қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
4) тағылымдаманың жеке жоспарының уақтылы орындалуын бақылайды.
56. Тағылымдама мерзімі өткеннен кейін кандидат тағылымдаманың жеке жоспарын орындау нәтижелерін көрсете отырып, жазбаша есеп жасайды. Есепке кандидат жасаған және тағылымдама жетекшісі - тәлімгер растаған құжаттардың жобалары қоса беріледі.
57. Тағылымдама қорытындылары бойынша тағылымдама жетекшісі - тәлімгер тыңдаушыға мінездеме жасайды.
Мінездемеде теориялық білім деңгейіне және практикалық жұмыс дағдыларына баға беріледі, кандидаттың адамгершілік және іскерлік қасиеттері, оның еңбек және орындаушылық тәртіпке қатынасы, сондай-ақ кандидаттың жеке басын сипаттайтын өзге де мәліметтер мен кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша (қажет болған жағдайда) ұсынымдар көрсетіледі.
Тыңдаушыға арналған тағылымдамадан өту материалдарын (есеп, мінездеме) кадр қызметтері тағылымдамадан өту аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Академияға ұсынады.
58. Тыңдаушы тағылымдамадан өту аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оқу процесін аяқтау және бітіру емтихандарын тапсыру үшін Академияға келеді.
59. Қорытынды емтиханның нысаны, тәртібі мен мазмұны Академия ректорының бұйрығымен анықталады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 31.01.2024 № 15, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 01.02.2024 № 32 және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.60. Бітіру емтиханын өткізу кестесін Академия жасайды және ол өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ведомствоаралық комиссия мүшелері мен тыңдаушылардың назарына жеткізіледі.
61. Бітіру емтиханының нәтижелерін құрамын Академияның ректоры бекітетін емтихандық комиссиялар балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалайды.
62. Бітіру емтиханының нәтижелері бітіру емтиханын тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бағаланады. Қорытынды бағалар мыналар болып табылады:
1) "Өте жақсы. Қызмет өткеруге басым тәртіппен ұсынылады.";
2) "Жақсы. Қызмет өткеруге ұсынылады.";
3) "Қанағаттанарлық. Қызмет өткеруге ұсынылады.";
4) "Қанағаттанарлықсыз. Қызмет өткеруге ұсынылмайды".
"Қанағаттанарлықсыз" деген баға қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
63. Алғашқы кәсіптік даярлықтан табысты өткен тыңдаушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификат алады және лауазымға тағайындау мәселесін шешу үшін құқық қорғау органының кадрларына қабылданады.
Тыңдаушыны сол немесе өзге аймаққа лауазымға тағайындау туралы шешімді қорытынды бағалардың негізінде құқық қорғау органы орталық аппаратының кадр қызметі қабылдайды.
4-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері
64. Алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері:
1) қолданыстағы заңнаманы, еңбек тәртіптемесі мен тәртіпті бұзуы;
2) осы Қағидалардың 49 және 54-тармақтарында көзделген талаптардың бірін бұзуы;
3) алғашқы кәсіби даярлықтың барлық кезеңінде оқу және/немесе тағылымдамадан өту орны бойынша үш күннен артық дәлелді себепсіз болмауы;
4) келісімшарт талаптарының орындалмауы немесе тиісті орындалмауы;
5) міндетті арнайы тексерудің теріс нәтижелері болып табылады.
Өтініш
Мені ____________________________________________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда, толық)
алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге жіберуіңізді сұраймын.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу шарттарымен және тәртібімен таныстым, олармен келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Мен мынадай құжаттарды ұсындым:
1._________________________
2._________________________
3._________________________
4._________________________
5._________________________
6._________________________
7._________________________
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
(Қолы)
(Т.А.Ә.) (болған жағдайда)
20____ жылғы "____" ___________
Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде, шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады: |
ӨМІРБАЯН АВТОБИОГРАФИЯ |
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуден өтуге ниет білдірген кандидаттардың тізімі
№ | Тегі | Аты | Әкесінің аты (болған жағдайда) | ЖСН |
Емтихан ведомосы
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә (болған жағдайда) _______________________________
Кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________________________________
№ | Емтихан билетінің сұрағы | Бағасы | Комиссия мүшесінің қолы | Ескертпе |
______жылғы "___" ____________.
Комиссия мүшесінің қолы ________.
Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесі
Оқу жетістіктерін бағалау
Әріптік жүйе бойынша баға | Балдардың цифрлық баламасы | %-тік мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
A | 4,0 | 95 – 100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90 – 94 | |
B+ | 3,33 | 85 – 89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80 – 84 | |
B- | 2,67 | 75 – 79 | |
C+ | 2,33 | 70 – 74 | Қанағаттанарлық |
C | 2,0 | 65 – 69 | |
C- | 1,67 | 60 – 64 | |
D+ | 1,33 | 55 – 59 | |
D | 1,0 | 50 – 54 | |
F | 0 | 0 – 49 | Қанағаттанарлықсыз |
Алғашқы кәсіптік даярлықты бітіргені туралы сертификат
1. Сертификат мыналардан:
1) 224 х 160 мм көлеміндегі қатты мұқабадан;
2) 210 х 150 мм көлеміндегі қосымша парақтан;
3) қосымшадан тұрады.
2. Құжаттың мұқабасы қою көк түсті болып жасалады.
3. Сертификаттың мұқабасында мыналар алтын түспен орындалады:
1) жоғарғы жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы";
2) ортасында - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы логотипінің бейнесі;
3) логотип бейнесінің астында – "СЕРТИФИКАТ" деген құжат түрінің өрнектелген атауы орналастырылады.
4. Қосымша парақтың бланкісі баспаханалық тәсілмен ақшыл-көк түсті арнайы қағазда басылады (деректерді есепке алмағанда, қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылады).
5. Қосымшаның бланкісі баспа құрылғыларының көмегімен басылады.
6. Сертификаттың қосымша парағының ішкі сол жағында мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.
7. Қосымша парақтың сериясы мен жеті таңбалы тіркеу нөмірі болады.
8. Сертификаттың қосымша парағының бланкісі оған енгізілетін жазбалар каллиграфиялық жазумен немесе басу құрылғыларының көмегімен орындалатындай етіп жасалады.
Қазақстан Республикасы |
Академия правоохранительных органов |
№ ______ сертификат | Сертификат № ______ |
Осы сертификат,
________________________________ |
Настоящим подтверждает, что
______________________________ |
Ректор
____________/_____________/ |
Ректор ____________/_____________/
М.П. |
Сертификаттың қосымшасы
Сертификаттың қосымшасы
_____________________________________ |
Приложение к сертификату
______________________________________ |