Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру обьектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 шiлдеде № 21038 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.12.2022 № 439 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 99-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.12.2022 № 439 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.12.2022 № 439 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а
М. Журебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а
2020 жылғы 30 шілдедегі
№ 269 бұйрығымен
бекітілген

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.12.2022 № 439 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 99-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының (бұдан әрі – оператор) ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукцион залы – аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісінің бөлімі;

      2) аукцион қадамы – қол қою бонусының мөлшері арттырылатын шама;

      3) аукцион қорытындыларының тізілімі – жер қойнауы учаскесін көрсете отырып, әрбір аукцион бойынша аукционға қатысушыларды және қол қою бонустарының мөлшерін көрсете отырып, аукцион қорытындылары бойынша ақпараттандыру объектісін автоматты түрде қалыптастыратын құжат;

      4) аукцион объектісі (бұдан әрі – объект) – аукцион өткізу шеңберінде берілетін жер қойнауының Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) енгізілген жер қойнауы учаскелері бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы;

      5) аукциондық нөмір – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;

      6) геоақпараттық сервис (бұдан әрі – геосервис) – жер қойнауы учаскелері аукцион негізінде көмірсутектерін барлау және өндіру немесе өндіру үшін берілетін аумақтар туралы ақпаратты қамтитын, жүйелі бақылау нәтижелерін, жердегі түсірулерді, зерттеулерді, түгендеулерді, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау материалдарын, архивтік деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін енгізу арқылы алынған, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған осындай жер учаскелерін пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ жердің жай-күйі туралы мәліметтерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған ақпараттық сервис;

      7) жеңімпаз – объект үшін қол қою бонусының неғұрлым жоғары мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы;

      8) кепілдік жарна – қол қою бонусын төлеу жөніндегі аукцион жеңімпазының міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын, өтінім беруші аукционға қатысу үшін енгізетін ақшалай сома;

      9) комиссия – көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      10) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион (бұдан әрі – аукцион) – қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін, ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып электрондық форматта өткізілетін сауда-саттық нысаны;

      11) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;

      12) қатысу жарнасы – республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және аукцион өткізу туралы хабарламаны орналастыру күнінде қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріндегі ақшалай сома;

      13) қатысушы – оператордың ақпараттандыру объектісінде тіркелген және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аукционға қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;

      14) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері – аукцион барысында қалыптасатын қол қою бонусының мөлшері;

      15) қол қою бонусының бастапқы мөлшері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес белгіленетін объект бойынша аукцион басталатын қол қою бонусының мөлшері;

      16) қол қою бонусының түпкілікті мөлшері – қол қою бонусының аукцион өткізу қорытындылары бойынша белгіленген мөлшері;

      17) ұлғайтуға арналған аукцион – қол қою бонусының бастапқы мөлшері алдын ала жарияланған аукцион қадамымен ұлғайтылатын аукцион әдісі;

      18) операторды ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – ақпараттандыру объектісі) – электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын қамтитын және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-әрекеттерді іске асыратын және аукцион өткізудің нақты функционалдық міндеттерін шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығын білдіретін оператордың ақпараттық жүйесі;

      19) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терілімі;

      21) Qazchain таратылған дерекқор (бұдан әрі – qazchain) – оператордың ішкі қағидалары бойынша blockchain технологиясының негізінде құрылған аукциондар туралы ақпаратты қамтитын деректер блоктарының үздіксіз тізбегі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Аукционды Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес құзыретті орган ұйымдастырады. Аукцион арттыру әдісімен өткізіледі.

      4. Аукцион аумақтарының географиялық координаттары Бағдарламада қамтылатын бір және/немесе бірнеше жер қойнауы учаскелеріне қатысты өткізіледі.

      5. Аукционға қатысуға берілген өтініштер бойынша ақпарат (өтініштің нөмірі, өтініштің күні, аукционның түрі) (бұдан әрі – аукционға қатысуға өтініш), сондай-ақ аукционның қорытындылары туралы мәліметтер www.qazchain.kz. есептеу қуаттарында орналастырылатын qazchain желісіне беріледі.

      Qazchain желісінде аукционға қатысуға берілген өтініштер бойынша деректерді сақтау (өтініштің нөмірі, өтініштің күні, аукционның түрі) таратылған дерекқор технологиясын қолдана отырып орталықтандырылмаған түрде жүзеге асырылады.

      Аукцион қорытындылары бойынша, оның ішінде қатысуға берілген өтініштер бойынша ақпаратқа әрбір аукцион үшін жеке-жеке жасалатын криптографиялық кілтті пайдалана отырып шифрлау жүйесі қолданылады.

      Сауда-саттық қорытындыларын тексеруге арналған функция (сауда-саттыққа қатысушының дербес деректерін көрсетпей) www.qazchain.kz пайдаланушыларына криптографиялық кілтті жариялау арқылы аукцион аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.

      Электрондық сұрау салуға пайдаланушының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.

2-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу тәртібі

1-параграф. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізуге өтінішті беру және қарау

      6. Аукцион өткізуге арналған өтініш қалыптастыру және беру үшін (бұдан әрі – аукцион өткізуге арналған өтініш) жеке және заңды тұлғалар:

      1) Интернетке қосылған компьютерге немесе ноутбукке кіре алуы;

      2) ҚР ҰКО ЭЦҚ алуы;

      3) ақпараттандыру объектісінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тіркелуі;

      4) ақпараттандыру объектісінде аутентификациядан өтуі;

      5) хабарламаны жіберер алдында электрондық құжатқа ЭЦҚ-мен қол қоюы қажет.

      7. Ақпараттандыру объектісінде тіркелу үшін мыналарды көрсету қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      3) екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

      4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, электрондық пошта).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы аукцион өткізуге өтініш тіркелгенге дейін ақпараттандыру объектісіне бұрын енгізілген деректерді өзгертеді.

      8. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық аукцион өткізуге арналған өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу үш кезеңнен тұрады:

      1) жеке және заңды тұлғалардың электрондық аукцион өткізуге арналған өтінішті ақпараттандыру объектісінде қалыптастыруы және электрондық аукцион өткізуге өтінішті құзыретті органға жіберуі;

      2) ақпараттандыру объектісі арқылы алынған электрондық аукцион өткізуге өтінішті құзыретті органның қабылдауы және өңдеуі;

      3) ақпараттандыру объектісінде аукцион өткізуге өтінішті өңдеу мәртебесін көрсету.

      9. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық құжат форматында, ЭЦҚ-мен куәландырылған аукцион өткізуге арналған өтінішті құзыретті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      Жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша аукцион өткізуге арналған өтінішті осындай адам аукцион өткізуге арналған өтініш қабылданғанға дейін береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ақпарат объектісі аукцион өткізуге арналған өтінішті қабылдау және өңдеу кезінде аукционды өткізуге арналған өтініштің толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылау жүзеге асырады.

      11. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Жеке немесе заңды тұлға үшін құзыретті органға аукцион өткізуге арналған өтінішті жібергеннен кейін, оны жібергеннің ақпараттандыру объектісінде құзыретті органның өтінішті қараудың ағымдағы мәртебесі көрсетіледі.

      12. Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:

      1) Кодекстің 95-бабына сәйкес жылына 4 (төрт) реттен көп емес аукцион өткізу туралы хабарлама жариялайды;

      2) егер өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде өтініш беруші аукцион өткізуге басқа өтініш берген, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмеген жағдайда аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады. Аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған жағдайда өтініш беруші құзыретті органға аукционға қатысуға өтініш береді.

      13. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарлама Кодекстің 95-бабының 2, 2-1-тармақтарында көзделген мәліметтерден тұрады.

      Қажет болған кезде құзыретті орган Бағдарламада айқындалғандарға қарағанда, жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша неғұрлым жоғары болатын ең төменгі талаптарды белгілейді.

      Тауарлардағы елішілік құндылықтың ең төмен міндеттемелері бойынша аукцион өткізу туралы хабарламада осы міндеттеменің мөлшері Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, аукцион нәтижелері бойынша жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленетіні көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бұрын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілген жағдайда, аукцион өткізу туралы хабарламада Кодекстің 95-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді қосымша қамтиды.

      15. Әрбір объект бойынша аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейін құзыретті орган ақпараттандыру объектісі арқылы бар болған жағдайда объект туралы қысқаша геологиялық ақпаратты, сондай-ақ учаскенің орналасқан жері туралы кеңістіктік ұғымды қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалану учаскесі туралы графикалық ақпаратты (оператордың геосервисінде ақпарат болмаған жағдайда) енгізуді қамтамасыз етеді.

2-параграф. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға өтінішті беру және қарау тәртібі

      16. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық аукционға қатысуға өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) жеке және заңды тұлғалардың кепілдік жарнаны және қатысу жарнасын төлеуі;

      2) ақпараттандыру объектісіне қатысуға жеке және заңды тұлғалардың өтінішті қалыптастыруы және қол қоюы;

      3) қатысуға электрондық өтінішті құзыретті органның қабылдауы және өңдеуі;

      4) ақпараттандыру объектісінде қатысуға арналған өтінішті өңдеу мәртебесін көрсету.

      Жеке және заңды тұлғалар қатысуға арналған өтінішті қалыптастыру және беру үшін осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шарттарды сақтауды, сондай-ақ кепілдік жарнаны және аукционға қатысу жарнасын төлеуді қамтамасыз етеді.

      Ақпараттандыру объектісінде қатысуға арналған өтінішті қабылдау және өңдеу кезінде өтініштің толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылау жүзеге асырылады.

      Форматты-логикалық бақылау нәтижелері аукционға қатысуға арналған өтінішке енгізіледі.

      17. Аукционға қатысуға арналған өтініш беру үшін берілетін мерзім оны өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 2 (екі) айды құрайды.

      18. Аукционға қатысуға мүдделі тұлға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған аукционға қатысуға қалыптастырылған өтінішті құзыретті органға ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық құжат форматында жібереді.

      19. Аукционға қатысу үшін жарнаның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізу туралы хабарламаны орналастыру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір 100 (жүз есе) еселенген мөлшерін құрайды.

      Аукционға қатысу жарнасы операторға төленеді және қатысуға өтініш берген адамға қайтаруға жатпайды.

      Оператор ақпараттандыру объектісі аукционға қатысуға өтініш қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне қатысқаны үшін жарналарды аударады.

      20. Кепілдік жарна операторға төленеді және аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

      Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және:

      1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең сома;

      2) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең сома.

      21. Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша құзыретті орган аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тартқан өтініш берушілердің кепілдік жарнасы ақпараттандыру объектісінде оператордың атына кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Аукцион жеңімпазын және аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны қоспағанда, аукционға қатысуға жіберілген аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасын оператор ақпараттандыру объектісінде олар оператордың атына кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш бергеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Егер аукцион жеңімпазы осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген талаптарды орындаған жағдайда, аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы, сондай-ақ аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарнасы ақпараттандыру объектісінде оператордың атына кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларға қайтарылады.

      Аукцион жеңімпазының осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны ақпараттандыру объектісі арқылы хабардар етеді.

      Аукцион жеңімпазының және/немесе аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарналарын олардың ақпараттандыру объектісінде оператордың атына берілген өтініштері бойынша оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне бюджетке аударады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Аукцион жеңімпазы осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды, ал оператор қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны мемлекет кірісіне айналдырады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Қағидалардың 62-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды, ал оператор қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны мемлекет кірісіне айналдырады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Кепілдік жарнаны және қатысқаны үшін жарнаны өтініш берушілер төлемнің тағайындалуында қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке төлемдермен енгізеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      28. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Аукционға қатысуға арналған өтінішке қосымша электрондық түрде ұсынылатын және ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарының орындалуын қамтамасыз ету міндеттемесі;

      2) өтініш берушінің Кодекстің 93-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

      3) аукционға қатысуға арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісінше куәландырылған құжаттар.

      Аукционға қатысуға арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісінше куәландырылған құжаттар деп ақпараттандыру объектісіне жүктелген, электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттардың түрі мен ақпаратын (деректерін) толық жаңғыртатын тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері (мысалы, өтініш беруші басшысының жеке куәлігінің түпнұсқасының немесе нотариалды куәландырылған көшірмесінің сканерленген көшірмесі) түсініледі;

      4) өтініш берушінің аукционға қатысу жарнасын төлегені туралы мәліметтер;

      5) өтініш берушінің кепілдік жарнаны төлегені туралы мәліметтер;

      6) күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес өтініш беруші айқындаған кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемелер;

      7) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар көрсетіле отырып, өтініш берушіні бақылау құрылымының нотариус куәландырған схемалық сипаттамасы.

      Куәландыруды өтінішке қоса берілетін өтініш берушінің бақылау құрылымының схемалық сипаттамасына қол қойған өтініш берушінің бірінші басшысының қолының дұрыстығын куәландыру жолымен нотариус жүзеге асырады.

      Өтініш берушінің бақылау құрылымының тиісінше куәландырылған схемалық сипаттамасы болған кезде осындай құрылымның схемалық сипаттамасындағы ақпаратты және/немесе мәліметтерді растайтын құрылтай және/немесе өзге де құжаттарды жіберу талап етілмейді;

      8) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы қаражатының болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:

      барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшердегі аукционға қатысуға өтініш берген күннің алдындағы күнге осындай банк шотындағы ақша қалдығы туралы үзінді көшірмені қоса бере отырып, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотының бар-жоғы және нөмірі туралы екінші деңгейдегі банктің немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның жазбаша растауы;

      көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыруы туралы шарт. Бұл ретте мұндай шарттың міндетті талаптары мынадай болып табылады:

      тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ниеті бар жер қойнауының нақты учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру түріндегі қарыздың нысаналы мақсаты;

      қарыз мөлшері хабарламада көрсетілген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті;

      қарыз мерзімі Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көрсетілген барлау кезеңінің мерзімінен кем емес.

      Қарыз берушіде жеткілікті ақша сомасының болуын растау үшін ақша қарызы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шартқа осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.

      Егер бірнеше жер қойнауы учаскелері бойынша қарыз беруші ретінде сол бір тұлға әрекет етсе, мұндай тұлғаның ақшасының болуы жер қойнауының барлық учаскелері бойынша жұмыс көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды жиынтықта орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотында барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындау үшін қажетті ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Кодекстің 96-бабының 4-тармағына сәйкес аукционға қатысуға арналған өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуына болады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      Барлық қоса берілетін құжаттар құзыретті органның сайтында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның өтуі туралы хабарламаның жариялану күнінен ерте емес күнмен белгіленеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Ақпараттандыру объектісі аукционға қатысуға арналған өтінішті тіркегеннен кейін 3 (үш) минут ішінде ақпараттандыру объектісінің дерекқорында аукционға қатысуға өтініш берілген объект бойынша қатысу жарнасының және кепілдік жарнасының түскені туралы мәліметтердің болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      32. Қатысушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда, ақпараттандыру объектісі аукционға қатысуға арналған өтінішті тіркемейді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Ақпараттандыру объектісінің дерекқорында оператордың есеп айырысу шотына кепілдік жарнаның және аукционға қатысуға арналған жарнаның түскені туралы мәліметтер болған кезде ақпараттандыру объектісі аукционға қатысуға арналған өтінішті Кодекстің 96-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін құзыретті органның тексеруі үшін тіркеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша ақпараттандыру объектісі өтініш берушінің электрондық поштасына қатысуға өтінішті тіркеу туралы не қатысуға өтінішті тіркеуден бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      35. Ақпараттандыру объектісі аукционды өткізу басталғанға дейін кемінде 5 (бес) минут бұрын аукционға қатысуға өтінішті кері қайтарып алған қатысушының аукциондық нөмірін жояды.

      36. Аукционға қатысуға арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Аукционға қатысуға арналған өтініштерді құзыретті орган қатысуға бірінші келіп түскен өтініштен бастап қатаң дәйекті тәртіппен және құзыретті органға қатысуға әрбір өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Құзыретті органға аукционға қатысуға арналған өтінішті бергеннен кейін ақпараттандыру объектісінде оны жіберген жеке немесе заңды тұлға үшін құзыретті органның өтінішті өңдеуінің ағымдағы мәртебесі көрінеді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады не анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Қабылданған шешім туралы ақпараттандыру объектісі арқылы өтініш берушінің электрондық поштасына тиісті электрондық хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37-1. Осы Қағидалардың 37-2 тармағының 1)-6) тармақшаларымен көзделген жағдайларды қоспағанда, егер белгіленген мерзімде берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша оның Кодекстің 96-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, құзыретті орган бұл жөнінде өтініш берушіні анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабардар етеді.

      Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жоюға құқылы.

      Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құзыретті органға өтінішті қайта жібереді. Мұндай өтініш осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім өткенге дейін, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. Осы бөлікке сәйкес қайта берілген өтініш 5 (бес) жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не жіберуден бас тартады.

      Аукционды өткізу туралы хабархатта көрсетілген аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімінің аяқталуы, егер ол осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілсе, осы тармаққа сәйкес қайта өтініш беруден және оны қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

      Ескерту. Қағидалар 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37-2. Құзыретті орган аукционға қатысуға жіберуден мынадай бір немесе бірнеше негіздер бойынша бас тартады:

      1) өтініш беруші құзыретті орган көрсеткен аукционға қатысуға өтініштің анықталған сәйкессіздіктерін белгіленген мерзімде жоймаса;

      2) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе;

      3) өтініш бергенге дейін құзыретті орган үш жыл ішінде өтініш иесімен немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатса;

      4) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш иесінің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтары жойылмаған болса;

      5) бұрын өтініш иесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қою бонусын төлемеген болса;

      6) өтініш иесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтары шоғырланған жағдайда, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.

      Ескерту. Қағидалар 37-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      39. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Кодекстің 97-бабы 3-тармағының 4), 6) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайта өтініш беру құқығынан айырады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Осы Қағидалардың 37-2-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, құзыретті орган қатысуға өтінішті қабылдаудан бас тартуда Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, бас тартудың себебін көрсетеді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті орган мен оператор аукционды дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жарияламайды.

      43. Ақпараттандыру объектісінің "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар", "Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры" ақпараттық жүйесімен, "Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесімен, "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесімен, "Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар" ақпараттық жүйесімен, "Қазақстан Республикасының минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесімен және салық органдарының ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылы болған кезде, аукционға қатысуға арналған өтініште қатысушы көрсететін деректер осындай ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы растауға жатады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Деректер осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген мемлекеттік деректер базасынан және ақпараттық жүйелерден автоматты режимде алынған кезде ақпараттандыру объекті форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып, мәліметтерді тексереді. Тексеру нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталған кезде ақпараттандыру объекті аукционға қатысуға арналған өтінішті тіркемейді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Деректер осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген мемлекеттік деректер базасынан және ақпараттық жүйелерден автоматты режимде алынбаған кезде қатысушы деректерді дербес енгізеді, сондай-ақ аукционға қатысуға арналған өтінішке енгізілген растайтын деректерді тіркейді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу

      46. Аукционға қатысуға жіберілген және ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш берушілер қатысады.

      47. Аукцион аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні өткізіледі.

      48. Қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады, ол өткеннен кейін қатысушылар аукционға қатысуға берілген өтінішті кері қайтарып ала алмайды.

      49. Оператор Кодекстің 99-бабының 6-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.

      50. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ және ақпараттандыру объекті беретін аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      52. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Аукцион барысында қол қою бонусының әрбір келесі мәні қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін мынадай пайыздық қатынасына сай аукцион қадамына өсіру арқылы анықталады:

      1) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 25% (жиырма бес пайызды) құрайды;

      2) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерінен 50000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 20% (жиырма пайызды) құрайды;

      3) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен 100000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 15% (он бес пайызды) құрайды;

      4) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен 250000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 10% (он пайызды) құрайды;

      5) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 250000 еселенген және одан жоғары мөлшері кезінде аукцион қадамы 5% (бес пайызды) құрайды.

      54. Аукцион мынадай тәртіппен өткізіледі:

      1) аукцион басталғанға дейін қатысушылар ұсыныс мөлшерін көрсетеді, ол аукцион басталған сәтте аукцион залында көрінетін болады. Жер қойнауы учаскесі үшін қол қою бонусының мөлшері бойынша қатысушылардың ұсыныс мөлшері шарттарды сақтай отырып жер қойнауы учаскесін сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және олардың негізінде қол қою бонусының ағымдағы мөлшері қалыптастырылады.

      Ұсыныс мөлшері бір қадамға ұлғайтылған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен кем емес соманы және жер қойнауы учаскесі үшін қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің 5 (бес) еселенген сомасын артық емес соманы құрайды.

      2) аукцион қол қою бонусының ең жоғары ұсынылған ағымдағы мөлшерінен басталады;

      3) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 53-тармағында белгіленген аукцион қадамына басқа қатысушының қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі беріледі;

      4) егер аукцион басталған сәттен бастап 10 (он) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусының осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ағымдағы мөлшерін ұлғайтпаса, онда бұл жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады;

      5) егер қол қою бонусының ағымдағы мөлшері ұлғайғаннан кейін 10 (он) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін ұлғайту арқылы жер қойнауы учаскесін сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда жер қойнауы учаскесін сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушыны ақпараттандыру объектісі аукцион қорытындыларының тізілімінде тіркейді және осы жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілді деп есептеледі.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион қатысушылардың бірі қол қою бонусының неғұрлым жоғары мөлшеріне ұсынғанға дейін жүргізіледі.

      Егер аукцион аяқталған сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда объектіні сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өтті деп танылады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның қорытындысын шығару

      56. Аукцион қорытындыларының тізілімін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион аяқталғаннан кейін ақпараттандыру объектісі қалыптастырады және ақпараттандыру объектісінде орналастырылады.

      57. Аукцион қорытындыларының тізілімі негізінде қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Әрбір объект бойынша аукцион қорытындылары аукцион өткізілетін күні құзыретті органның ЭЦҚ-мен және аукцион жеңімпазымен ақпараттандыру объектісіне қол қоятын аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді. Хаттаманың электрондық көшірмесі ақпараттандыру объектісінде көрсетілген жеңімпаздың электрондық поштасына жіберіледі.

      59. Аукцион қорытындылары туралы хаттама аукцион нәтижелері мен жеңімпаздың және құзыретті органның қол қою бонусының түпкілікті мөлшері бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

      60. Аукцион қорытындылары оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      61. Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде:

      1) қол қою бонусын төлейді;

      2) құзыретті органға қол қою бонусы төлемінің растауын және өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 тіркелген) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жібереді.

      62. Егер аукцион жеңімпазы осы Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қою бонусын төлемеген және өз тарапынан қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты құзыретті органға ұсынбаған жағдайда, мұндай адам келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасасу құқығы құзыретті органның Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін жазбаша хабарламасымен аукцион жеңімпазынан кейінгі қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыға беріледі.

      Келісімшарт жасасу құқығын аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыға берген жағдайда, ақпараттандыру объектісіндегі құзыретті орган тиісті хаттамаға қол қояды.

      Құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейінгі қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды орындауға міндетті. Бұл ретте Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген қол қою бонусын аукцион жеңімпазынан кейінгі қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осындай аукционға қатысушы ұсынған мөлшерде төлейді.

      Құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейінгі қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін, Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды ұсынған аукционға қатысушы орындамаған жағдайда, мұндай адам келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, ал жер қойнауы учаскесі аукционға қайта қойылады.

4-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды тоқтата тұру, кейінге шегеру және болғызбау

      63. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі келтіретін техникалық іркіліс туындаған кезде қатысушы:

      1) аукционға қатысушының мониторына оператордың байланыс деректерімен электрондық хабарлама шығару арқылы ақпараттандыру объектісімен тұрақты байланыс болмаған сәттен бастап 30 (отыз) секунд ішінде хабарланады;

      2) телефон немесе электрондық хабарлама арқылы бұл туралы оператордың байланыс деректері бойынша дереу хабардар етеді.

      64. Оператор техникалық іркіліс фактісін белгілейді және ол ақпараттандыру объектісі жағында болған жағдайда, ақпаратты ақпараттандыру объектісінде орналастыру арқылы аукционға барлық қатысушыларды хабардар етеді.

      65. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникациялық жабдықтарының техникалық іркілісі кезінде аукцион жалғасады. Қатысушы жабдығының іркіліс фактісі ақпараттандыру объектісі арқылы тіркеледі.

      66. Ақпараттандыру объектінде аукцион өткізуге немесе аукцион өткізу рәсіміне кедергі келтіретін техникалық іркіліс фактісі болған кезде оператор мұндай фактіні анықтағаннан кейін 60 (алпыс) минут ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді және құзыретті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және қатысушының аукционға қатысуға арналған өтінішінде көрсетілген электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы осы аукцион жалғастырылатын күні мен уақыты туралы аукционға қатысушыларды міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, техникалық іркіліс түзетілген күннен кейін аукционды келесі жұмыс күніне ауыстырады.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өтпеді деп немесе жарамсыз деп тану

      67. Аукцион Кодекстің 101 және 102-баптарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өткізілмеген немесе жарамсыз деп танылады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Аукционды өтпеді деп тану барлық қатысушы комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Аукционды өтпеді деп тану туралы хабарлама хаттама ресімделген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

      69. Аукционды жарамсыз деп тану қатысушының немесе құзыретті органның талап етуі бойынша сотпен жүзеге асырылады.

      70. Мыналар аукционды жарамсыз деп тану үшін негіздер болып табылады:

      1) Кодексте белгіленген, аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен аукцион өткізу қағидаларын бұзу;

      2) аукцион қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған адамның құзыретті органға мұндай адамды аукционға қатысуға жіберу туралы шешімге әсер еткен көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы.

      71. Кодекстің 102-бабының 3-тармағына сәйкес, аукционға қатысушылар аукционның қорытындыларына оның қорытындылары жарияланған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде осы Қағидалардың 70-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шағым жасауға құқылы.

      72. Келісімшарт жасалғанға дейін аукционның жарамдылығына дау айтылған жағдайда, сот мәні бойынша шешім шығарғанға дейін келісімшартты жасасу мерзімі тоқтатыла тұрады.

      73. Аукционды жарамсыз деп тану аукцион қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттың жарамсыздығына алып келеді.

      74. Осы Қағидалардың 70-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша аукцион жарамсыз деп танылған жағдайда, мұндай аукционның жеңімпазы деп жарияланған тұлға Кодекстің 102-бабының 6-тармағына сәйкес, төленген қол қою бонусын қайтаруды талап етуге құқылы.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      75. Аукционды ұйымдастыру және өткізу барысында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

  Көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған электрондық
аукциондар операторының
ақпараттандыру объектісін
пайдалана отырып, электрондық
нысанда аукцион өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аукцион өткізуге арналған өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қарап, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге мынадай жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуді сұраймын (-мыз): жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында көрсетілген учаскенің атауы

      _________________;

      аукцион негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін берілетін географиялық координаттар

      _________________.

      2. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      3. Өзім (-міз) туралы мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      1) заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер _________

      2) жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-дан деректері; өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _____ жылғы "___" ______ сағат_______ минут.

  Көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған электрондық
аукциондар операторының
ақпараттандыру объектісін
пайдалана отырып, электрондық
нысанда аукцион өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аукционға қатысуға арналған өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21038 тіркелген) бекітілген Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларымен танысып,

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде 20___ жылғы "___" __________________ өткізілетін аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) аукционға қатысу үшін жарна және аукцион (объект) өткізу туралы хабарламада белгіленген жер қойнауы учаскесі бойынша кепілдік жарна енгіздім (-ік):

      объектінің атауы ________________________________________________

      қатысу жарнасының сомасы, теңге _________________________________

      кепілдік жарна, теңге _____________________________________________

      3. Барлау кезеңінде Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы қаражатының болуын растау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

р/с

Растайтын құжат

Қаржы көлемі

Валюта

Шот нөмері,
IBAN, БИК

1.

Банк шотының бар-жоғы және нөмірі туралы анықтама және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшерде банк шотындағы қалдық туралы үзінді көшірме




2.

Қарыздың нысаналы мақсаты ретінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қызметін барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшерде қаржыландыруды көздейтін ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі;




      4. Мені (бізді) тікелей немесе жанама бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ қатысу үлестері, акциялары бар бақылаушы тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер:

      мемлекеттің атауы ___________________________

      тұлғаның, ұйымның атауы __________________

      Осы тармақтың қатысу үлестерін, өтініш берушінің акцияларын иеленетін, бақылаушы тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, осындай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа түсетін акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін халықаралық ұйымдар туралы мәліметтерді беру туралы талабы көрсетілген тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды.

      5. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      6. Мен (біз) құзыретті органға қатысуға, аукционға қатысуға рұқсат беру және (немесе) аукцион жеңімпазы деп тану жөніндегі құзыретті органның шешімдеріне әсер еткен көрінеу анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайда, мен (біз) аукцион нәтижелері туралы қол қойған хаттама және көмірсутектерді барлауға мен өндіруге және барлауға арналған келісімшарт Кодекстің 102-бабына сәйкес жарамсыз деп танылатынымен келісемін (міз).

      7. Егер мен (біз) аукцион жеңімпазы(-дары) деп анықталған жағдайда, аукцион қорытындылары туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қол қою бонусының түпкілікті мөлшерін төлеу туралы міндеттемені аламын (мыз) және "Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген _________________ үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген _________________, өз тарапымнан ЭЦҚ-мен қол қойылған келісімшартты жолдау, сондай-ақ Кодекстің 100-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген өзге де міндеттемелерді өзіме (-мізге) аламын (-мыз).

      8. Мен (біз) аукцион жеңімпазы немесе аукцион жеңімпазынан кейінгі қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы ретінде қол қою бонусын және аукционға қатысқаны үшін жарнаны төлемеген жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынымен және оператор мемлекет кірісіне жіберетінімен келісемін.

      9. Тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатысында тұрмайтынымызды растаймыз (заңды тұлғалар үшін).

      10. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген қарызым жоқ екенін растаймын (-мыз).

      11. Көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алған жағдайда, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы қаражатымның бар екенін растаймын (-мыз).

      12. Өзім (-іміз) туралы мәліметтерді ұсынамын:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат)

      ______________________________________________

      басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): __________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: _____________________

      e-mail: ___________________

      банк деректемелері: ____________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды ________________________________________

      банк сәйкестендіру коды ________________________________________

      банктің атауы __________________________________________________

      бенефициар коды ______________________________________________

      қатысу үшін жарна төлеген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты. (ол болған жағдайда) ____________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

      паспорттық деректер ____________________________________________

      азаматтығы ____________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): __________________________________________

      ұялы телефон нөмері: __________________ e-mail: __________________

      банк деректемелері: ____________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды ________________________________________

      банк сәйкестендіру коды ________________________________________

      банктің атауы _________________________________________________

      бенефициар коды ______________________________________________

      қатысу үшін жарна төлеген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________

      2) __________________________________________________________

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-дан деректері; өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 __ жылғы "___" __________ _______ сағат__________минут.

      Қатысушының аукциондық нөмірі_______________

      (аукцион аяқталғаннан кейін өтінімде көрсетіледі).

      Өтініш берушінің техникалық тексеру қорытындылары бойынша мәліметтері:

      күн/ай/жыл, сағат/минут/секунд жағдай бойынша қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген берешегінің болуы туралы ақпарат табылмады.

  Электрондық нысанда
көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған электрондық
аукциондар операторының
ақпараттандыру объектісін
пайдалана отырып аукцион
өткізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион қорытындыларының тізілімі

      Аукцион нөмірі: ______________________

      Аукционның басталу күні мен уақыты: ________________________

      Қол қою бонусының бастапқы мөлшері: ____________________ теңге

      Жер қойнауы учаскесінің атауы, учаскенің орналасқан жері:

      ________________________________________________________________

      Жер қойнауын пайдалану түрі: _____________________________________

      Барлау кезеңі: ___________________________________________________

Аукцион қадамы №

Қол қою бонусының мөлшерін растау күні мен уақыты

Қатысушының аукциондық нөмірі

Қол қою бонусының расталған мөлшері


1

2

3

1




2




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады