"Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 749 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 тамызда № 21114 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі №953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (құрылғылар) - төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған электрондық-механикалық құрылғылар, бір немесе әртүрлі банктерде қолма-қол ақшасыз төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына ақшаны жедел есептей отырып, пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және мобильдік қосымшалары;

      2) үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) құқық иеленушісі - ҮИЖ өндірушілері болып табылатын немесе ҮИЖ меншік, жалға алу құқығында тиесілі немесе ҮИЖ пайдаланушыларына сату немесе жалға беру үшін өзге де заңды негізге ие жеке немесе заңды тұлғалар;

      3) ҮИЖ пайдаланушысы – ҮИЖ қызметін жүзеге асыру кезінде қолданатын салық төлеуші;

      4) ҮИЖ бірыңғай тізілімі – салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ҮИЖ моделдерінің тізбесі;

      5) ҮИЖ интеграциялау технологиялары – серверлік аппараттық және бағдарламалық бөлігі, клиенттік бағдарламалық бөлігі бар техникалық шешімдер, бұл ретте клиенттік аппараттық бөлігі ҮИЖ пайдаланушысының жеке құрылғысымен ұсынылады;

      6) ҮИЖ клиенттік модулі (ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модуль) – сату нүктесінің жұмысын және деректерді ҮИЖ Орталық торабына тұрақты үздіксіз беруді, оның ішінде ҮИЖ Орталық торабымен байланысты жоғалтқан кезде 72 (жетпіс екі) сағаттан артық емес кезеңге автономды жұмыс режимін (ол болған кезде) қамтамасыз ететін ҮИЖ аппараттық-бағдарламалық кешенінің бөлігі;

      7) ҮИЖ орталық торабы – операцияларды өңдеуді және деректерді сақтауды, сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуді, автономды операцияларды (олар болған кезде) қабылдау мен өңдеуді және ҮИЖ деректерін сақтауды қамтамасыз ететін ҮИЖ аппараттық - бағдарламалық кешенінің бөлігі.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ҮИЖ:

      1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (немесе құрылғылар) арқылы қабылдауды;

      2) Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына (бұдан әрі – ФДО) деректерді берудің хаттамасы бойынша қосуды және ҮИЖ бөлігі болып табылатын БКМ арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына беруді;

      3) Салық кодексінің 412-бабына сәйкес Комитеттің "Электрондық шот-фактуралар" (бұдан әрі – ЭШФ) ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) тіркеуге жататын құжаттарды, оларды ЭШФ АЖ-де тіркеуге беруді, сондай-ақ виртуалды қоймаларды қалыптастыру мақсатында "Виртуалды қойма" модулінің бизнес-процестерін іске асыруды, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ТІЖ), ТІЖ негізінде электрондық шот-фактураны қалыптастыру;

      4) осы Талаптарға сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын ҮИЖ-де құжаттарды қалыптастыруды;

      5) енгізілетін деректердің толықтығын бақылауды (функциялар немесе операциялар барлық ашық жолдарды толық толтырмай орындалған жағдайда, жүйе пайдаланушыны тиісті хабарламамен хабардар етеді);

      6) қоймалық және сауда жабдығымен жұмыс істеу және принтер мен штрих-код сканерін қолдау мүмкіндігін;

      7) ҮИЖ-де есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есепке алу шоттарын қолданумен және (немесе) қолданбай жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

      10. ҮИЖ жұмыс істеуі:

      1) фискалдық режимде (онлайн және автономды (ол болған кезде)) БКМ есебінен жүзеге асырылады;

      2) автономды режимде (ол болған кезде), мынадай:

      ҮИЖ-дің ҮИЖ Орталық торабымен байланысты жоғалтқан;

      ҮИЖ Орталық торабына қосылған кезде 3 (үш) секундтан астам кідірген жағдайларда. ҮИЖ сұрау салуы мен ҮИЖ Орталық торабынан жауап алу арасындағы уақыт аралығы кідіріс болып табылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ҮИЖ есепке алу құрамдасының қоймалық есепке алу (ТМЗ қозғалысы) модулі:

      1) сандық және құндық мәнде ТМЗ қозғалысын (кіріске алуды, есептен шығаруды, өткізуді, сатуды, сату мен сатып алуды қайтаруды, түгендеуді) жүзеге асырады;

      2) бір немесе бірнеше қоймаларда ТМЗ қозғалысын қамтамасыз етеді;

      3) қоймаларды басқару функциялары бар (құру, редакциялау, жою);

      4) қалдықтарды есепке алу функционалы бар;

      5) тауар қозғалысын қарау функционалы бар;

      6) ТМЗ қозғалысының барлық операциялары тиісті құжатты қалыптастырумен аяқталады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда, сату және сатуды қайтару ҮИЖ құрамында пайдаланылатын БКМ арқылы фискалдандырумен жүзеге асырылады;

      8) пайдаланушының сұрау салуы бойынша ТМЗ қозғалысының осы операциясы үшін қоймада тауардың қажетті саны болмаған кезде ТМЗ қозғалысын бұғаттайды;

      9) фискализацияға есепке алу құрамдастан берілген ТМЗ қозғалысын фискализациялауды ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасында фискалдық белгі операциясын беру және фискалдық белгі мен фискалдау күнін бір транзакция шеңберінде есепке алу құрамдасқа қайта беру жолымен жүзеге асырады;

      10) есепке алу құрамдаста ТМЗ қозғалысы операциясы кезінде берілген фискалдық белгіні сақтайды не автономды режимде (ол болған кезде) ҮИЖ жұмысы кезінде ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульден ҮИЖ Орталық торабына береді;

      11) ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасынан алынған фискалдық белгі берілген құжаттар мен операцияларды түзетуге және жоюға тыйым салады;

      12) егер ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасы операцияны орындау, БКМ ажырату, БКМ істен шығу не БКМ 24 (жиырма төрт) сағаттан артық ашық ауысым асқанда немесе БКМ автономды режимде (ол болған кезде) 72 (жетпіс екі) сағаттан артық болғанда БКМ қолжетімсіздігі себебінен осы операцияны фискалдандырмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға БКМ қолдану талап етілетін ТМЗ қозғалысы операцияларын бұғаттайды;

      13) қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу түрін көрсете отырып, сату операцияларын орындау кезінде ҮИЖ төлем құрамдасын пайдаланумен операцияны аяқтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ҮИЖ есепке алу құрамдасының интеграция модулі:

      1) "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелді) бекітілген 910.00 "Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация" нысаны бойынша салық есептілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      2) қалыптасқан салық есептілігін Комитеттің "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" АЖ-ге беру жолымен салық есептілігінің тапсыруын қамтамасыз етеді;

      3) Комитеттің "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" АЖ-ден төлеуге салынатын салықтар сомасын қалыптастыру үшін есептелген және төленген салықтар бойынша деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      4) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" Акционерлік қоғамының "Есепке алу-бақылау таңбаларды, акциздік таңбаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" АЖ-ден есепке алу-бақылау маркалары, акциздік маркалар бойынша деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      5) Комитеттің ЭШФ АЖ-бен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      6) тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

      Тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасы интеграциялауға дайын болмаған жағдайда, тауардың, жұмыстар мен қызметтердің атауын қолмен енгізу функциясын көздейді;

      7) принтермен және штрих-код сканерімен жұмысты қамтамасыз етеді.

      20. ҮИЖ есепке алу құрамдасының ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модулі:

      1) ҮИЖ Орталық торабымен байланыс 3 (үш) секундтан астам уақыт болмаған кезде ҮИЖ Орталық торабына қолжетімділіктің жоқтығын анықтайды;

      2) ҮИЖ Орталық торабына қолжетімділік болмаған кезде автономды жұмыс режиміне (ол болған кезде) өтеді;

      3) ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульде ақпаратты және деректерді сақтау және қорғауды қамтамасыз ететін мынадай тетіктерді қолдану есебінен санкцияланбаған өзгертуден, жоғалудан және (немесе) зақымданудан автономды режимде (ол болған кезде) жұмыс кезеңінде жинақталған ақпаратты және деректерді сақтауды және қорғауды жүзеге асыру бойынша бағдарламалық функциялары бар:

      ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің жергілікті қоймасының деректерін санкцияланбаған тазалаудан, өзгертуден немесе жоюдан;

      пайдаланушының бөлінген есептік жазбасы арқылы ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің деректеріне қосуды ұйымдастыру есебінен сыртқы көздерден алынған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден (ҮИЖ Орталық торабын қоспағанда);

      ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің бағдарламалық қамтамасыз етілуін санкцияланбаған өзгертуден;

      4) ҮИЖ Орталық торабына ҮИЖ Орталық торабымен байланысты қалпына келтіру кезінде байланыс болмаған кезеңде жергілікті қоймада сақталған барлық операцияларды береді;

      5) 72 (жетпіс екі) сағаттан астам ҮИЖ Орталық торабымен байланыстың болмауы себебінен ҮИЖ-да операцияларды орындауды бұғаттау туралы ҮИЖ пайдаланушысын хабардар етеді.";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ҮИЖ бақылау құрамдасының тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің электрондық паспорттары базасымен интеграциялауды пайдалану арқылы кодтарды верификациялау модулі:

      1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасын алады;

      2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің электрондық паспорттарының базасын сақтайды және тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кодтарын онлайн және автономды режимде (ол болған кезде) верификациялауды жүзеге асырады.

      25. ҮИЖ:

      1) ақпараттың сенімді сақталуын, ақпаратты жоғалудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, санкцияланбаған қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауды және электрондық мұрағаттар мен деректер базаларында ақпараттың толық сақталуын:

      кез келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген учаскесіндегі электрмен қоректендіруді толық немесе ішінара ажыратқанда;

      желілер, телекоммуникациялар апатында, деректер алмасу операцияларын орындаудың кез келген кезеңіндегі орнатылған физикалық және виртуалды байланыстар ажырағанда;

      бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпаратына санкцияланбаған қол жеткізуге әрекеттенгенде қамтамасыз етеді;

      2) деректер базасының резервтік көшірмесін және транзакциялардың жүйелік журналын күнделікті автоматты түрде сақтауды қамтамасыз етеді;

      3) онлайн режимде ҮИЖ Орталық торабында салық салуға әсер ететін есепке алу құрамдас операциясының орындалуын қамтамасыз етеді;

      4) автономды режимде (ол болған кезде) есепке алу құрамдас операцияларын орындауға жауап беретін ҮИЖ Орталық торабымен (ҮИЖ Клиенттік модулімен) жұмыс бойынша модульді пайдаланады;

      5) ҮИЖ Орталық торабымен және ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің байланысын қалпына келтіру кезінде салық салуға әсер ететін (тауарларды сату, жалақыны есептеу) автономды операцияларды (ол болған кезде) оған кейіннен барлық операцияларды орындаумен беруді қамтамасыз етеді;

      6) ҮИЖ Орталық торабымен байланыс жоғалған кезде ҮИЖ Клиенттік модулінде ҮИЖ деректерінің жинақталуын және сақталуын қамтамасыз етеді;

      7) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      26. ҮИЖ есепке алуын Комитет модельдерді ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу жолымен жүзеге асырады және мынадай іс-әрекеттерді көздейді:

      1) салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ құқық иеленушісі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай тізілімге ҮИЖ модельдерін енгізу туралы өтініш;

      өндірушінің паспорты, техникалық құжаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулық: БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ ҮИЖ есепке алу құрамдасынан тұратын интеграцияланған жүйе;

      ҮИЖ құқығының болуын растайтын құжат;

      ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша акті;

      2) тиісті өкілеттіктер жүктелген Комитеттің лауазымды тұлғасы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      тексереді:

      өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігі;

      бақылау-касса машиналардың мемлекеттік тізілімінде БКМ моделінің болуы;

      Комитет жанындағы Сараптамалық кеңеске ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды береді;

      3) Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес Комитеттің лауазымды тұлғасы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:

      ҮИЖ эталондық үлгісінің және техникалық құжаттаманың осы Талаптарға сәйкестігі мәніне сараптама жүргізеді;

      сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады;

      ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалардың күші оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге – үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) пайдаланушыларына қолданылады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Пайдаланушы ҮИЖ-де тіркелу үшін мемлекеттік кірістер органдарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) ұсынады.

      8. ҮИЖ-де тіркеуді мемлекеттік кірістер органдары Өтінішті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ҮИЖ тіркеу карточкасы беріледі.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар жəне

      аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің 2020 жылғы
  17 тамызы № 749 Бұйрыққа
  қосымша
  Үш құрамдасты
  интеграцияланған жүйені орнату
  және қолдану қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу, өзгерту және шығару туралы өтініш

      1. ҮИЖ пайдаланушысының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________________________________________

      2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш беру себебі (тиісті ұяшықта

көрсетіңіз):

      ☐ Тіркеу ☐ өзгерту ☐ шығару

      4. ҮИЖ түрі (тиісті ұяшықта

көрсетіңіз):

      ☐ бағдарламалық-аппараттық кешен;

      ☐ деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан (бұдан әрі – БКМ), қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандырылған түрде басқару жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) тұратын интеграцияланған жүйе

      5. ҮИЖ атауы ________________________________________________________

      6. ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні

      _____________________________________________________________________

      7. ҮИЖ құқық иеленушісі қорытындысының нөмірі және күні _______________

      8. ҮИЖ пайдалану орны: ______________облысы _____________________қаласы (ауданы) ________________кенті (ауылы) ______________ көшесі _________________үй

      8.1 Сауда, қызмет көрсету, жұмыстарды атқару мен тауарларды есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйесінің (бұдан әрі – есепке алу жүйесі) атауы

      ____________________________________________________________________

      Есепке алу жүйесінің сәйкестендіру нөмірі _______________________________

      Есепке алу жүйесін тіркеу күні _________________________________________

      8.2 БКМ атауы/моделі_________________________________________________

      БКМ зауыттық нөмірі __________________ шығарылған жылы _____________

      БКМ тіркелген күні __________________________________________________

      БКМ тіркеу нөмірі ___________________________________________________

      8.3 Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) атауы/моделі ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) сәйкестендіру/зауыттық нөмірі _______________________________________________

      Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) тіркелген күні ______________________________________________________________________

      9. Мен, _____________________________________________________________

      өтініште көрсетілген деректер ресми болып табылатынын растаймын.

      ҮИЖ пайдаланушысы________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады