Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы"

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 833 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 қыркүйекте № 21192 болып тіркелді. Бұйрық 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.07.2021 дейін (бұйрықтың 3-т.).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 8 қыркүйегі
№ 833 Бұйрығымен
бекітілген

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзушылығын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жүргізу жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында пилоттық жобаны іске асырудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкелумен айналысатын заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға.

      2) мемлекеттік кірістер органдары – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамассыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді орындайтын мемлекеттік орган;

      3) өндіруші – Қазақстан Республикасының аумағында кез келген нысандағы дәрілік заттардың өнімін өндіруші;

      4) өнім беруші – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) кез келген нысандағы (импортталатын, өндірілген) дәрілік заттарды жеткізуші;

      5) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелер бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      6) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама;

      7) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – ЭШФ ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін құжат;

      8) электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – электрондық нысанда жазылған шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.

      Осы Қағидалар пайдаланатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.

2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары

      3. Пилоттық жобаның қатысушылары:

      1) өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер;

      2) мемлекеттік кірістер органдары.

3-тарау. Құқықтары мен міндеттемелері

      4. Өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер:

      1) ЭШФ қайтарып алу жолымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға құқылы;

      5. Өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер:

      1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе импортталған кез келген нысандағы дәрілік заттарды сату кезінде ЭШФ АЖ-ның "Виртуалдық қойма" модулі арқылы ЭШФ-ны жазып беруге;

      2) Салық кодексінің 412-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларына және оның нысанына сәйкес ЭШФ жазып беруге;

      3) кез келген нысандағы дәрілік заттарды сатуда ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бақылау-касса машинасының чегін беруге міндетті.

      6. Мемлекеттік кірістер органдары:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерге сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін камералдық бақылау жүргізуге;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндірушілердің, импорттаушылардың, өнім берушілердің ЭШФ жазып беру жөніндегі ақпараттарды орналастыруға құқылы.

      7. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге ЭШФ қолдану және бақылау-касса машиналарының чегін жазып беру бойынша түсіндірулер беруге міндетті.

4-тарау. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәртібі

      8. Осы Қағидалардың шеңберінде жіберілген хабарламалар, хабарлама өндірушіге, импорттаушыға, өнім берушіге тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

      9. Камералдық бақылау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

5-тарау. Пилоттық жобаның іске асыру тәртібі

      10. Мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ жазып берген кезде алшақтықтар анықталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндірушіге, импорттаушыға, өнім берушіге:

      1) жазып берілген ЭШФ (олар болған жағдайда) көрсете отырып, кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндірушінің, импорттаушының, өнім берушінің мекенжайына хабарлама жолдайды. Бұл ретте мұндай ЭШФ жазып берілген күн осы Қағидалар енгізілген күннен ерте болмауы тиіс;

      2) кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруші, импорттаушы, өнім берушінің "Салық төлеушілердің кабинеті" web-қосымшасына хабарлама жолдайды.

      11. Мемлекеттік кірістер органдары ұдайы негізде жіберілген хабарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

      12. Мемлекеттік кіріс органдары ұдайы негізінде өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер ЭШФ АЖ-нің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы ЭШФ жазып берген сәйкестік мәніне кез келген нысандағы дәрілік заттарды өткізгені үшін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер қолданатын бақылау-касса машиналарының берілген чектеріне талдау жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады