ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық Электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес шектес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізу кезінде өтінімді қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ алты айдан аспауға тиіс, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы жазбаша нысанда алдын ала хабардар етілуі тиіс.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. РЖС-ға рұқсаттың қолданылуын көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімшенің қолдаухаты бойынша, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) пайдаланушының РЖС пайдалануға рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініші;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық бөлімше жүргізетін РЖС мониторингінің нәтижелерімен расталатын РЖС бір жыл бойы пайдаланылмаса;
3) байланыс операторы РЖС рұқсатында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда;
4) Салық кодексіне сәйкес үш тоқсан үшін РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төлемеу.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Заңның 16-2-бабына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері, Қазақстан Республикасының туымен жүзетін теңіз кемелерінде орнатылған РЭҚ-тен басқа осы Қағидаларға 15-қосымшадағы РЭҚ пен (немесе) ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ пен ЖЖҚ тізілімге сәйкес аумақтық органдарға РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) айқындалатын нысан бойынша жіберуге міндетті.";
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесінде*:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" |
3. | Сымсыз радиоға қолжетімділік жүйесінің (WLL), ұялы байланыс желілерінің (мобильді телефондар, сонымен қатар ұялы байланыс желілерінде қолданылатын модемдер, сондай-ақ пассивті ретрансляторлар), соның ішінде бекітілген немесе басқа қондырғылардың құрамына кіретін абоненттік терминалдар | – | – |
"; |
"Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, күшін жою, ұзарту және қайта ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында":
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалануға рұқсат беру – 20 (жиырма) жұмыс күні, оның ішінде кеме станциясының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаты – 5 (бес) жұмыс күні. |
". |
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі