Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-284/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21841 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 106-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-284/2020
бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 106-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жіті кәсіптік ауру – зиянды кәсіптік факторлардың бір рет (бір ауысымнан аспайтын уақыт ішінде) әсерінен кейін пайда болған ауру;

      2) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті немесе созылмалы ауру;

      3) созылмалы кәсіптік ауру – зиянды өндірістік факторлардың көп рет және ұзақ уақыт әсер етуінен кейін пайда болған ауру.

2 тарау. Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібі

      3. Жіті кәсіптік аурудың және (немесе) уланудың әрбір оқиғасына алдын ала диагнозды қоюда медициналық ұйым "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 21579 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша хабарлама толтырады, осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алу журналына тіркейді.

      Жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты улануы кәсіптік улану болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыскердің жіті кәсіптік ауруы және (немесе) улануы туралы хабарламаны медициналық ұйым диагноз қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) және науқастың жұмыс орны бойынша ұйымның басшысына (жұмыс берушіге) жібереді.

      Созылмалы кәсіптік ауруы және (немесе) улануы туралы алдын ала диагноз туралы хабарламаны медициналық ұйым диагноз қойылған сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде аумақтық бөлімшеге және науқастың жұмыс орны бойынша ұйымның басшысына (жұмыс берушіге), сондай ақ кәсіптік патология және сараптама саласындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жіті кәсіптік аурудың және (немесе) уланудың диагнозы өзгерген немесе жойылған кезде медициналық ұйым жиырма төрт сағат ішінде аумақтық бөлімшеге және жұмыс берушіге жаңа хабарлама жібереді және осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алу журналына тіркеледі.

      6. Созылмалы кәсіптік ауруды кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – кәсіптік денсаулық клиникасы) құрылған, кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізетін кәсіптік патологиялық сараптама комиссиялары анықтайды.

      7. Кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізетін кәсіптік денсаулық клиникасы созылмалы кәсіптік аурудың әрбір оқиғасына Кодекстің 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін нысан бойынша кәсіптік ауру туралы хабарлама толтырады.

      8. Созылмалы кәсіптік ауру туралы хабарлама диагноз қойылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен байланыстағы науқастың соңғы жұмыс орны бойынша жұмыс берушіге және науқасты кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасына жіберген медициналық ұйымға жіберіледі.

      9. Созылмалы кәсіптік ауру диагнозы өзгерген немесе жойылған кезде үш жұмыс күні ішінде кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізген кәсіптік денсаулық клиникасы аумақтық бөлімшеге, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен байланыстағы науқастың соңғы жұмыс орны бойынша жұмыс берушіге және науқасты кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасына жіберген медициналық ұйымға жібереді.

      10. Кәсіптік ауру туралы хабарламаның бір данасы "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 18 қарашада № 15997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 21 қарашасында жарияланған) 419-тармағына сәйкес кәсіптік денсаулық клиникасында тұрақты сақталады.

      11. Созылмалы кәсіптік ауру анықталғаннан кейін науқастың деректерін кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізген кәсіптік денсаулық клиникасының мамандары осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алу журналына тіркейді.

      12. Кәсіптік денсаулық клиникасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күні аумақтық бөлімшеге кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың барлық оқиғалары бойынша деректерді ұсынады.

      13. Аумақтық бөлімшелер кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың барлық оқиғалары бойынша деректерді "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген кәсiптік ауруларды (улануларды) есепке алу карталарына сәйкес есепке алады.

      Ескерту. 2-тарау 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Денсаулық сақтау
субъектілерінің кәсіптік
аурулардың және (немесе)
уланудың, оның ішінде
жұмыскердің өз еңбек
(қызметтік) міндеттерін не
жұмыс берушінің мүддесі үшін
өз бастамасы бойынша өзге де
әрекеттерді орындауына
байланысты жұмыскерге зиянды
өндірістік факторлардың әсер
етуіне байланысты кәсіптік
ауруларға және (немесе) улануға
күдіктенудің барлық оқиғаларын
олардың анықталған жері
бойынша тіркеу тәртібіне
қосымша

Кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алу журналы Журнал учета случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений

      Басталды (Начат) "____"______________________________20 ж.(г.)

      Аяқталды (Окончен) "____"___________________________20 ж.(г.)

Тіркеу нөмірі Регистрационный номер

Т.А.Ә. (болған жағдайда) Ф.И.О. (при наличии)

Жынысы Пол

Жасы Возраст

Ұйымның атауы Наименование организации

Цех, бөлімше, учаске Цех, отделение, участок

Кәсібі Профессия

Жұмыс өтілі Стаж работы

Жалпы еңбек өтілі Общий стаж работы

Кәсіби ауруды туғызған өндірістік зиянды факторлармен жанасуда болған В контакте с вредными производственными факторами, вызвавшими профессиональное заболевание состоял

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Өндірістік зиянды факторлар Вредные производственные факторы

Диагнозы Диагноз

Қорытынды диагнозды қойған ұйымның атауы Наименование организации, установившей окончательный диагноз

Ескерту Примечание

10

11

12

13






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады