"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 11-1-2/28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 11-1-4/393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22005 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-1-4/693 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 13.12.2022 № 11-1-4/693 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 11-1-2/28 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13590 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар,

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 11-1-4/393 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 11-1-2 / 28 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

Ашық мәліметтер жиынтығының атауы

Өзектілік мерзімі

Ақпаратты орналастыру мерзімі

Дереккөз

Жауапты құрылымдық бөлімше

1.

Қазақстан Республикасындағы аккредиттелінген шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтары туралы деректер (өкілдіктің елі, ұйымның түрі, ұйымның толық атауы, орналасқан қаласы, мекенжайы, байланыс телефондары, ресми сайты, электрондық поштасы, визалар берілетін елдер (қоса атқару бойынша)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

Автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі-АЖО)

Мемлекеттік протокол қызметі, Консулдық қызмет департаменті

2.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шет мемлекеттермен визалық және визасыз тәртіп

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

3.

Қазақстан Республикасының визалары (санаты, алушылар, мәртелігі, қолданылу мерзімі, болу кезеңі, виза беру негіздері)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

4.

Консулдық іс-әрекеттер үшін алынатын консулдық алымдардың тарифтері

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

5.

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу және олардың саны туралы мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

6.

Құжаттарды сұратып алу және сұратып алынған құжаттардың саны туралы мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

7.

Құжаттарды заңдастыру және оның саны туралы мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

8.

Азаматтық мәселелер бойынша мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

9.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің деректері (мекенжайы, сайт/электрондық поштасы, байланыс телефондары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі басшысының аты-жөні)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Адам ресурстары департаменті

10.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аумақтық органдарының, ведомствалық бағынышты ұйымдарының тізбесі

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Адам ресурстары департаменті

11.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұйымдық құрылымы

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Адам ресурстары департаменті

12.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың кестесі (қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы, қабылдау күні мен уақыты, қызметтік телефоны)

Тоқсан сайын

Кезекті тоқсанның басталуына 15 күн қалғанға дейін

АЖО

Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті

13.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар мен бағдарламалардың тізімі (басшысы, сайт, қызмет түрі, Қазақстан Республикасының осы ұйымға кіру мерзімі, Қазақстан Республикасындағы өкілдіктердің мекенжайлары мен байланыстары)

Жыл сайын

20 ақпан

АЖО

Көпжақты ынтымақтастық департаменті

14.

Инвесторлар үшін мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсынатын және сүйемелдейтін фронт-офистар туралы деректер (мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта, сайт)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Инвестиция комитеті

15.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Инвестиция комитеті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады