Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қазандағы № А-10/520 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қазанда № 8077 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № А-11/569 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 13.11.2020 № А-11 /569 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 6 қазандағы № 01-31/1385, № 01-31/1386 ұсыныстары бойынша, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының аумағында орналасқан елді мекендерде құс тұмауы жұқпалы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 14 қазандағы
№ А-10/520 қаулысына
қосымша

Құс тұмауы жұқпалы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленген Ақмола облысының аумағында орналасқан елді мекендері

Аудандардың атауы

Елді мекендердің атауы

1.

Ақкөл

Ақкөл қаласы, Кеңес ауылдық округінің Малый Барап ауылы

2.

Атбасар

Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы, Сепе ауылдық округінің Есенгелді ауылы

3.

Бұланды

Никольск ауылдық округінің Никольск ауылы, Вознесенка ауылдық округінің Вознесенка ауылы

4.

Егіндікөл

Абай ауылы, Спиридоновка ауылы

5.

Есіл

Свободный ауылдық округінің Свободный ауылы

6.

Зеренді

Бұлақ ауылдық округінің Қарлыкөл ауылы, Троицк ауылдық округінің Қарсақ ауылы

7.

Сандықтау

Веселов ауылдық округінің Жыланды ауылы

8.

Жарқайың

Бірсуат ауылы

9.

Целиноград

Мәншүк ауылы, Жарлыкөл ауылдық округінің Жалғызқұдық ауылы

10.

Шортанды

Бектау ауылдық округінің Бектау ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады