Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.З. Мұқатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | Е.Баяхметов |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Р.Рамазанов |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-11/525 қаулысымен бекітілген |
Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | 1 шағын ауданы | 1,7 |
2 | 2 шағын ауданы | 1,6 |
3 | 3 шағын ауданы | 2 |
4 | 4 шағын ауданы | 2 |
5 | 5 шағын ауданы | 2 |
6 | 7 шағын ауданы | 2,1 |
7 | "Парковая" шағын ауданы | 1,35 |
8 | 6 шағын ауданы | 1,9 |
9 | 9 шағын ауданы | 1,55 |
10 | "Солнечный" шағын ауданы | 0,9 |
11 | 20 шағын ауданы | 1,15 |
12 | 10 шағын ауданы, "Заря" бау-бақша серіктестігінің ауданы | 1,15 |
13 | "Пригородный" шағын ауданы | 1,2 |
14 | Коммуналдық-қоймалық аумағы, тұрақ кооперативтері, резервтік аумағы | 0,85 |
15 | Өндірістік аймағы, бағбандық (қала шегінен тыс) | 0,95 |
16 | Заводской кенті | 1,75 |
17 | Ақсу кенті | 1,65 |
18 | Бестөбе кенті | 1,75 |
19 | Қарабұлақ ауылы | 1,65 |
20 | Бөгенбай ауылы | 1,5 |
21 | Байқоныс ауылы | 1,65 |
22 | Қырық құдық ауылы | 1,65 |
23 | Изобильный ауылы | 1,5 |
24 | Шаңтөбе кенті | 1,9 |
25 | Новокронштадтка ауылы | 1,5 |