Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № А-1/4 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 7649 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданы Еңбек, Урюпинка, Наумовка ауылдық округтерінің және Ақкөл қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 31,49 гектар "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан қырық тоғыз (49) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В.Курушинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі А.Каиржанов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "13" қаңтардағы
№ А-1/4 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы

Жер санаты

1

Еңбек ауылдық округінің әкімшілік шекарасы

11,11

Темір жол көлігінің жолы

2

Ақкөл қаласының әкімшілік шекарасы

6,42

Темір жол көлігінің жолы

3

Урюпинка ауылдық округінің әкімшілік шекарасы

4,76

Темір жол көлігінің жолы

4

Наумовка ауылдық округінің әкімшілік шекарасы

9,20

Темір жол көлігінің жолы

Барлығы

31,49



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады