Атбасар аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 6С 40/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 маусымда № 7883 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 қарашадағы № 6С 25/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6933 тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) "Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 6С 25/5 "Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 6С 35/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7567 тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
С.Аксеитова
      Атбасар аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Борумбаев

      "Келісілді"

      Атбасар ауданының әкімі А.А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады