Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 42/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 7846 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы соғыс қимылдарынының қатысушыларына;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға;

      ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      онкологиялық аурумен ауыратындарға;

      туберкулез ауруларына;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға;

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға);

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

      көпбалалы отбасыларға;

      18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;

      аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға;

      пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті уәкілетті органдарымен белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;";

      10 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) Жеңіс Күніне - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға;";

      10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5) тиісті оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқитын, кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға аудандық жолаушылар көлігінің (таксиден басқа) ішкі бағыттарында билеттің толық құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру, аудандық жолаушылар көлігінің бағыттарында жол жүргенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде (ай сайын);

      көпбалалы отбасыларға аудандық жолаушылар көлігі ішіндегі бағыттарында жол жүру ақысын өтеу үшін, аудандық жолаушылар көлігі ішіндегі бағыттарында жол жүргенін растайтын құжаттарды ұсыну кезінде 100 пайыз мөлшерінде (ай сайын жан басына шаққандағы табысына байланыссыз);";

      10 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6) азаматтарға өмірлік қиын жағдайы туындаған кезде, өтініш бойынша жан басына шаққандағы табысына байланыссыз:

      ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға, операциядан кейін емделуіне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);

      онкологиялық стационардың жағдайында арнаулы емдеуден өтетін онкологиялық аурумен ауыратындарға Ақмола облысы диспансерінің анықтамасы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде (бір рет);

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Сандықтау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің табиғи зілзаланы растайтын құжат негізінде немесе өрт туралы анықтаманын болған уақыттан бастап жыл ағымында, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);

      оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік - әлсіз қабатынан шыққан студенттерге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатын растайтын анықтама негізінде жылдық оқуының құны мөлшерінде оқуына (жылына бір рет);

      Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының күндізгі оқыту түрі бойынша ақы төлеу негізінде оқитын Сандықтау ауданында жылдық оқу құнының мөлшерінде жұмыс істеу шартымен, аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік - әлсіз қабатынан шыққан студенттерге. Төлем өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатын растайтын және оқу орнынан анықтама, оқу орнымен жасасқан нотариалды куәландырылған келісім шарт көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы нотариалды куәландырылған келісім шарт көшірмесі негізінде жүргізіледі (жылына бір рет);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш бойынша (бір рет);

      пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);";

      10 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7) жан басына шаққандағы орташа табысы осы сәтте белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) өтініш бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жылына бір рет);";

      13 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзіннің немесе отбасы атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Н.Тамбовцева
      Аудандық мәслихатының хатшысы С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімі А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады