Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
А. Есеркепов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. Калдыгулова |
2020 жылғы 26 ақпандағы № 512 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша | |
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ р/с | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні | |||
1. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 144,2 |
2. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 тек.м | 418,7 |
3. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 тек.м | 116,2 |
4. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 тек.м | 113,7 |
5. | Су энергетика | теңге/1000 кВт. сағ | - |
6. | Су көлігі | теңге/1000 тек.м | 14,0 |
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні | |||
7. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 125,2 |
8. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 тек.м | 352,5 |
9. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 тек.м | 97,0 |
10. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 тек.м | 97,0 |
11. | Су энергетика | теңге/1000 кВт. сағ | - |
12. | Су көлігі | теңге/1000 тек.м | - |
Ескертпе: Төлемақы мөлшерлемелері сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.