Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 542 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 6943 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      9 тармақта:

      1) тармақшасында:

      "10 000 (он мың) теңге" сандары мен сөздері "20 000 (жиырма мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;";

      4) тармақшасында:

      "2 200 (екі мың екі жүз) теңге" сандары мен сөздері "5 000 (бес мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      5) тармақшасында:

      "тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат," сөздері алынып тасталынсын;

      10 тармақта:

      1) тармақшасында:

      "120 000 (жүз жиырма мың) теңге" сандары мен сөздері "1 000 000 (бір миллион) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      2) тармақшасында:

      "60 000 (алпыс мың) теңге" сандары мен сөздері "100 000 (жүз мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 10-тармақтың 3-1)-тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде";";

      4) тармақшасында:

      "12 000 (он екі мың) теңге" сандары мен сөздері "30 000 (отыз мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      5) тармақшасында:

      "40 000 (қырық мың) теңге" сандары мен сөздері "50 000 (елу мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      6) тармақшасында:

      "12 000 (он екі мың) теңге" сандары мен сөздері "30 000 (отыз мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      7) тармақшасында:

      "12 000 (он екі мың) теңге" сандары мен сөздері "30 000 (отыз мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      16 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын;

      17 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталынсын;

      19 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталынсын.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
И. Назарбаев
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шинтасова
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________Б. Елеусінова
      2020 жылғы "___"_____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады