Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 166 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 тамызда № 7326 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданының "Ұзынсор" учаскесінде орналасқан жалпы алаңы 1712 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі
      Д. Ермаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады