Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 307 "Байғанин ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 98 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 7189 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 307 "Байғанин ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6499 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады