Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 47 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 6868 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау жүргізу үшін, Ырғыз ауданының "Ырғыз" және "Саралы" учаскесінде орналасқан жалпы көлемі 22472,31 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2024 жылдың 7 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Ырғыз ауданының әкімі А. Шахин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады