Қарғалы ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 1 "Қарғалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 7 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 7606 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 1 "Қарғалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 7 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4214 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі А. Джусибалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады