Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 452 "Мұғалжар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6498 тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбында "коэффициентерін" сөзі "коэффициенттерін" сөзімен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі қаулының 1 тармағында "коэффициентері" сөзі "коэффициенттері" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жектекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі | А. Шериязданов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
|
__________________С. Мұқанов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 350 қаулысына қосымша | |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 452 қаулысына қосымша |
Мұғалжар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Мұғалжар ауданы | ||
1 | Қандыағаш қаласы | 1,74 |
2 | Ембі қаласы | 1,73 |
3 | Жем қаласы | 1,75 |
Ақкемер ауылдық округі | ||
4 | Ақкемер ауылы | 1,9 |
5 | Елек ауылы | 1,65 |
6 | Көтібар батыр ауылы | 1,3 |
7 | Көктөбе ауылы | 0,95 |
8 | Жарық ауылы | 1,3 |
Ащысай ауылдық округі | ||
9 | Ащысай ауылы | 1,4 |
10 | Ақсу ауылы | 1,2 |
11 | Сабындыкөл ауылы | 1,15 |
Батпақкөл ауылдық округі | ||
12 | Жағабұлақ ауылы | 1,78 |
13 | Жаркемер ауылы | 1,15 |
14 | Қожасай ауылы | 1,26 |
15 | Саға ауылы | 1,77 |
Егіндібұлақ ауылдық округі | ||
16 | Бұлакты ауылы | 1,55 |
17 | Миялыкөл ауылы | 0,95 |
Еңбек ауылдық округі | ||
18 | Сағашилі ауылы | 1,91 |
19 | Басшилі ауылы | 1,55 |
20 | Тепсең - Қарабұлақ ауылы | 0,18 |
21 | Темір бекеті | 1,45 |
Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ | ||
22 | Қаракөл ауылы | 1,48 |
23 | Жаңатұрмыс ауылы | 1,33 |
Жұрын ауылдық округі | ||
24 | Жұрын ауылы | 1,87 |
25 | Көбелей ауылы | 1,08 |
26 | Көлденең Темір ауылы | 1,1 |
27 | №53 разъезд | 1 |
Қайынды ауылдық округі | ||
28 | Қайынды ауылы | 1,76 |
29 | Алтынды ауылы | 1,57 |
Құмжарған ауылдық округі | ||
30 | Бірлік ауылы | 1,61 |
31 | Құмжарған ауылы | 1,23 |
32 | Шеңгелші ауылы | 1,43 |
Құмсай ауылдық округі | ||
33 | Құмсай ауылы | 1,35 |
Мұғалжар ауылы | ||
34 | Мұғалжар ауылы | 1,53 |
Талдысай ауылдық округі | ||
35 | Талдысай ауылы | 1,84 |
36 | Еңбек ауылы | 1,5 |