Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 90 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 7067 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Алюминий Казахстана" Акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 7 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Б. Каниев

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 90 қаулысына қосымша

"Алюминий Казахстана" Акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

Жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы алаңы (гектар)

Кадастр нөмірі

Жер учаскесiнiң
орналасқан жерi

1

"Сәрсенғали"
шаруа қожалығы

5000
629,9
3000

02-035-017-094
02-035-017-026
02-035-017-070

Шалқар ауданы,
Шетырғыз
ауылдық округі

2

"Қайнар"
шаруа қожалығы

3262

02-035-017-072

3

"Қаратоғай"
Машина-технологиялық
стансасы" өндірістік
кооперативі

2640
3500

02-035-017-029
02-035-017-083

4

"Нұрлыаман"
шаруа қожалығы

680

02-035-017-098

5

"Шәкір"
шаруа қожалығы

3700

02-035-017-100

6

"Ырғыз аудандық
қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

19,86
5,03

02-035-026-330
02-035-026-483


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады