Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 мамырда № 7140 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 04.11.2020 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы № 16-8/62 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Шетырғыз ауылдық округінде орналасқан "Нұрзаман" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шетырғыз ауылдық округінің әкімі Ж. Табынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады