Ақсу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 66-291 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 24 қыркүйекте № 5669 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ақсу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 9 маусымдағы № 16-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4279 тіркелген, 2017 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Ақсу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2019 жылғы 26 шілдедегі № 49-230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5213 тіркелген, 2019 жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Усенов Нурбол Каметкалиевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ақсу аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Мусабаланов
      Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы Б. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады