Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 86-335 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 23 қыркүйекте № 5666 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 4-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 25.04.2023 № 4-20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 28 мамырдағы № 81-317 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5535 тіркелген, 2020 жылдың 09 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Е. Алинов
      Сарқан аудандық мәслихатының
      хатшысы К. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады