"Cалық салу объектісінің Жамбыл ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашасындағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 607 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 4814 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық салу объектісінің Жамбыл ауданының елдi мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашасындағы № 620 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 4439 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 11 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Жамбыл ауданының әкімі С. Арубаев

      "Келісілді"

      Жамбыл ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      басқармасының басшысы

      _____________М. Тленчиев

      "___" ____ 2020 жыл

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ 607 қаулысына қосымша

Салық салу объектісінің Жамбыл ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Ауылдық округтің атауы

Елді мекендердің атауы

Коэффицент

1

Айшабибі ауылдық округі

Айшабибі ауылы

2,15

Қаратау бөлімшесі

1,3

Әулиекөл ауылы

1,2

2

Ақбұлым ауылдық округі

Ақбұлым ауылы

2,25

3

Аса ауылдық округі

Аса ауылы

2,25

Рахат ауылы

1.8

4

Бесағаш ауылдық округі

Бесағаш ауылы

1,7

Турксиб ауылы

2,15

5

Ерназар ауылдық округі

Ерназар ауылы

1,6

6

Жамбыл ауылдық округі

Шайқорық ауылы

2,05

Бесжылдық ауылы

2,1

Қоңыртөбе ауылы

2,45

Қапал ауылы

1,4

Шайқорық станциясы

1,45

Танты ауылы

1,8

7

Қаракемер ауылдық округі

Қаракемер ауылы

1,45

Құмтиын ауылы

2,1

Сеңгірбай ауылы

0,9

8

Қаратөбе ауылдық округі

Бектөбе ауылы

2,15

Қызыл Шарық ауылы

1,35

Бәйтерек ауылы

1,25

9

Қарой ауылдық округі

Пригородное ауылы

2,3

Кемел ауылы

0,9

10

Көлқайнар ауылдық округі

Тастөбе ауылы

1,5

Еңбек ауылы

1,4

Жамбыл ауылы

1,5

Қостөбе ауылы

1,55

Көлқайнар ауылы

1,1

27 Разъезд

1,55

11

Қызылқайнар ауылдық округі

Жасөркен ауылы

1,55

Қызылқайнар ауылы

2,75

12

Өрнек ауылдық округі

Өрнек ауылы

1,45

Жұма станциясы

1,05

13

Қарасу ауылдық округі

Ащыбұлақ ауылы

1,5

Шайдана ауылы

1,4

14

Полатқосшы ауылдық округі

Жалпақтөбе ауылы

2,3

15

Ақбастау ауылдық округі

Бірлесу-Еңбек ауылы

2,05

Шоқай ауылы

1,5

16

Гродиково ауылдық округі

Гродиково ауылы

2,65

Қызыл-Дихан ауылы

1,7

17

Тоғызтарау ауылдық округі

Құмсуат ауылы

0,9

Тоғызтарау ауылы

1,5

Жаңа өткел ауылы

1,15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады