Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 510-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505, 506 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен, Меркі ауданы бойынша жерді аймаққа бөлу схемалары негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын:
1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендердің жерлеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда);
3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық маслихаттың аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Меркі аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Р. Нуралбеков |
Меркі аудандық | |
мәслихатының хатшысы | И. Ахметжанов |