Аспара ауылдық округінің Аспара ауылындағы Аспаринская көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Аспара ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 1-04/07 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 мамырда № 4619 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аспара ауылдық округінің Аспара ауылының Аспаринская көшесінің атауы Аспара көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аспара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н. Кенишбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аспара ауылдық округінің әкімі Г. Оспанбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады