Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 71-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 4572 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 3-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 25.02.2021 № 3-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 55-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4247 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 06 маусымда электронды турде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы М. Несипбаев
      Талас аудандық
      мәслихат хатшысы А. Тулебаев

  Талас аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 71-6 шешіміне 1 қосымша

Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Әлеуметтік көмек Талас ауданында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      5) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      6) уәкілетті орган – "Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Талас аудандық бөлімшесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек:

      1) 15 ақпанға - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:

      1.1) Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      2) 26 сәуірге - Чернобыль атом электростанциясындағы апат болған күн:

      2.1) 1986-1989 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      3) 9 мамырға - Жеңіс күні:

      3.1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3.2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлерінің әйелдеріне (күйеулеріне) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      3.3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      4) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4.1) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен;
      4.2) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен;
      4.3) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен;
      4.4) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен;
      4.5) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен;
      4.6) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5) 29 тамызға - Семей полигонының жабылған күні:

      5.1) Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 7 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Өтініш бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек:

      8.1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселік көлемінен аспайтын санаттағы азаматтарға (отбасыларға) арнайы комиссияның анықтауымен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген көлемінде;

      8.2) адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайдағы, алдындағы тоқсандық кірісі 2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспаған жағдайда, арнайы комиссияның анықтауымен ең төменгі күнкөрiс деңгейінің 2 (екі) еселенген көлемінде;

      8.3) әлеуметтік мәні бар туберкулез, қатерлі ісіктер ауруымен ауыратын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік мөлшерінен аспайтын, азаматтарғы арнайы комиссияның анықтауымен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген көлемінде;

      8.4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар мұқтаж азаматтарға (отбасыларына) арнайы комиссияның анықтауымен 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекте көрсетіледі.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар үш ай ішінде өтініш береді. 

      9. Өтініші бойынша мерзімді әлеуметтік көмек:

      9.1) Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда емін жалғастырушы науқасқа ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде көрсетіледі.

      9.2) Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын инфекциясы бар балаға және балаға күтім жасайтын заңды өкілге өтініш білдірген айдан бастап ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген көлемінде көрсетіледі.

      10. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

      11. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 15 – тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 79-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      Ескерту. 16-тармақта барлық мәтін бойынша "Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары да және көшірмелері де ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады" деген сөз – "Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады." деген сөздермен ауыстырылды – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 87-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары да және көшірмелері де ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағидалардың 19 және 20 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Талас ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Талас ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Талас аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 71-6 шешіміне 2 қосымша

Талас аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі

      "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 55-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4247 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 06 маусымда электронды турде жарияланған)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады