"Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 31/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 маусымда № 5859 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін алып қоймастан, Абай ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 2975,5127 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қажет:

      1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша);

      2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      3. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын, шаралар қолданылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

  Абай ауданының
әкімдігі
2020 жылғы 2 маусымы
№ 31/01
қаулысына қосымша

Атауы

Қауымдық сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га

Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары

жайылым, га

шабындық, га

түбегейлі жақсартылған жайылым, га

Ильичевск ауылдық округі


№1 учаскесі



Барлық жерлер

209,0718

162,5718

46,5000



Оның ішінде:






"Жабяк В. И К" ЖШС-нің жерлері (09-134-011-198)

0,4620

0,4620

-



Босалқы жерлер

208,6098

162,1098

46,5000


№2 учаскесі



Барлық жерлер

321,5136

321,5136


83,0000


Оның ішінде:






И.В. Жабяктың "Шанс" шаруалық қожалығының жерлері (09-134-011-189)

321,5136

321,5136


83,0000

Дзержинск ауылдық округі



Барлық жерлер

2417,5718

2417,5718


379,0000


Оның ішінде:






Ю.В. Лящуктың фермерлік қожалығының жерлері (09-134-006-101)

398,4686

398,4686


189,0000


Ю.В. Лящуктың фермерлік қожалығының жерлері (09-134-006-083)

681,3603

681,3603


190,0000


Ю.В. Лящуктың фермерлік қожалығының жерлері (09-134-006-116)

1337,7429

1337,7429


-

Көксу ауылдық округі



Барлық жерлер

27,3555

23,8555

3,5000



Оның ішінде:






А.Т Мукашевтың "Богара" фермерлік қожалығының жерлері (09-134-020-069)

27,3555

23,8555

3,5000



БАРЛЫҒЫ

2975,5127

2925,5127

50,0000

462,0000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады