Қазақстан Республикасының 2017 жылгы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 32/352 "Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4853 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 13 шілдеде және 2018 жылғы 14 шілдеде № 27 (4222) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Черепанов |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |