Жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 126/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қарашада № 6096 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардың өтініштерін қарай келе, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданының аумағында пайдалы кен қазбаларын барлау үшін, жер және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауымен 6 (алты) жыл пайдалану мерзімімен келесі жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      1) "Saryarka Cold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы көлемі - 7082,0 гектар жер учаскелеріне;

      2) "Горно Энерго Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы көлемі - 942,1 гектар жер учаскелеріне;

      3) "G-Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы көлемі - 469,9 гектар жер учаскелеріне.

      2. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлеуовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады