Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 480 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 6020 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Нұра аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланған), келесі өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7-1) АИВ жұқтырған балалар;";

      12 тармақ, жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:

      табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарын жоюға – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      ауыр материалдық жағдайға байланысты – 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;

      қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, ерлі-зайыптыларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың тұлғаларына, кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге – 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуге (ота) - 15 айлық көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;

      әлеуметтік маңызды ауру тұлғаларға (туберкулез) стационарда емделу кезеңіне – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет.

      АИВ жұқтырған балаларға – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын.";

      16 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Шайхин
      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады