Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтi белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 16879 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 7888 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 3068 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 01.09.2023 № 3068 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 19-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесi мөлшерде белгiленсiн:

      жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетiлетiн қызметтерi арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезiнде - 85 (сексен бес) теңге;

      жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде - 90 (тоқсан) теңге.

      2. "Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 25 маусымдағы № 15619 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7539 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң эталонды бақылау банкiсiнде 2020 жылғы 1 шілдеде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Налибаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда қалалық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады