Қарақия ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 266 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 4409 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Рысбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 266 қаулысына қосымша

Қарақия ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенттері

1.

Құрық ауылы

1,92

1.2.

Құрық теміржол станциясы

1,83

1.3.

Маңғыстау жері

1,63

2.

Жетібай ауылы

1,87

3.

Мұнайшы ауылы

1,87

3.1

Жетібай станциясы

1,97

4.

Құланды ауылы

1,90

5.

Болашақ ауылдық округі

1,67

5.1.

Бопай елді мекені

1,40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады