Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 472 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 9247 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласында Ленин көшесі мен Комсомол даңғылының қиылысында орналасқан келесі:

      ортақ пайдаланудағы объектiлерге жер учаскесi арқылы жаяу немесе көлiкпен өту үшін алаңы 0,0316 гектар, 0,0322 гектар, 0,0458 гектар;

      инженерлік желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында алаңы 0,0012 гектар;

      коммуналдық желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында алаңы 0,0093 гектар, 0,0094 гектар, 0,0129 гектар, 0,0201 гектар, 0,0451 гектар;

      электр желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында алаңы 0,0291 гектар, 0,1465 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Гаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады