2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 69 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 9127 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62- бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амангелді ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі А. Асанов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 8 сәуірдегі
№ 69 қаулысына
қосымша

Амангелді ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (елді мекен)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Амангелді ауданы Амангелді ауылы

"Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

60

35100

3 жасқа дейін- 5600 3 жастан бастап- 5800

2

Амангелді ауданы Амангелді ауылы

"Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қаламқас" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

35100

3 жасқа дейін- 5600 3 жастан бастап- 5800

3

Амангелді ауданы Амангелді ауылы

"Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұпар" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

35100

3 жасқа дейін- 5600 3 жастан бастап- 5800


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады