Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 9472 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі Чернигов ауылының аумағында орналасқан алаңы 0,0424 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Чернигов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чернигов ауылдық округінің әкімі Т. Ашимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады