Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 231 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қарашада № 9582 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Әкімдіктің мынадай:

      1) "Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 68 (2014 жылғы 12 маусымда "Наше время" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4692 болып тіркелген);

      2) "Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 68 "Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы № 71 қаулыларының (2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8417 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Денисов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нургалиев

  Әкімдіктің
2020 жылғы 24 қарашадағы
№ 231 қаулысына
қосымша

Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 19.11.2021 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Денисовка ауылы

Калинин - Нурпеисов көшелерінің қиылысындағы тақта;
Амангелді – Элеваторная көшелерінің қиылысындағы тұғырлық

2

Некрасовка ауылы

Комарова көшесіндегі стенд

3

Глебовка ауылы

"Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта

4

Антоновка ауылы

"Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта

5

Покровка ауылы

"Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

6

Фрунзенское ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Фрунзе жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

7

Әйет ауылы

орталық алаңдағы стенд

8

Зааят ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Заәйет негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта

9

Свердловка ауылы

"Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

10

Аршалы ауылы

"Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тұғырлық

11

Комаровка ауылы

"КОМАРОВА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанындағы тұғырлық

12

Приреченка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Приречен жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

13

Қырым ауылы

"Крымское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанындағы стенд

14

Перелески ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Перелески жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

15

Жалтыркөл ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің Баталы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады