Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 114 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 мамырда № 9200 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жітіқара аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Жітіқара ауданының аумағында үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.

      2. Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 қаулысының (2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 114 қаулысына
қосымша

Жітіқара ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 15.02.2023 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Жітіқара қаласы

11 шағын аудандағы 1 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

6 шағын аудандағы 13 үйдің артындағы аялдамада

6 шағын аудандағы 61 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

5 шағын аудандағы 19 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

7 шағын аудандағы 1 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

4 шағын аудандағы 12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

2 шағын аудандағы 19 үйдің артындағы аялдамада

2 шағын аудандағы 29 құрылыстың алдындағы аялдаманың сол жағында

5 шағын аудандағы 8 үйдің оң жағындағы аялдамада

В.И. Ленин көшесіндегі 27 құрылыстың алдындағы аялдамада

Комсомольская көшесіндегі 29 үйдің оң жағындағы аялдамада

2

Пригородный ауылы

Мира көшесіндегі 20 үйге қарама-қарсы аялдаманың оң жағында

3

Аққарға ауылы

Зайчикова көшесіндегі 1 үйдің алдында

4

Большевик ауылдық округінің Тургенов ауылы

Комсомольская көшесіндегі 15 В үйдің оң жағында

5

Большевик ауылдық округінің Құсақан ауылы

Центральная көшесіндегі 14 А үйдің оң жағында

6

Большевик ауылдық округінің Шевченковка ауылы

1-Мая көшесіндегі 9 үйдің оң жағында

7

Мүктікөл ауылдық округінің Мүктікөл ауылы

Ленин көшесіндегі 6 үйдің сол жағында

8

Мүктікөл ауылдық округінің Тимирязев ауылы

Садовая көшесіндегі 62 үйдің оң жағында

9

Мүктікөл ауылдық округінің Волгоград ауылы

Производственная көшесіндегі 7 үйдің алдында

10

Приречный ауылы

Днепропетровская көшесіндегі 7 А үйдің сол жағында Школьная көшесіндегі 1 А құрылыстың алдында

11

Милютин ауылы

Степная көшесіндегі 174 А үйдің сол жағында

12

Забелов ауылы

Октябрьская көшесіндегі 4 үйдің оң жағында Комсомольская көшесіндегі "Ақжол" дүкенінің алдында

13

Степной ауылы

Минская көшесіндегі 12/1 үйдің сол жағында
Сабуров көшесіндегі 24 үйдің сол жағында

14

Чайковский ауылы

Клубная көшесіндегі 3 үйге қарама-қарсы
Школьная көшесіндегі 35 үйге қарама-қарсы

15

Тоқтаров ауылдық округінің Тоқтаров ауылы

Школьная көшесіндегі 1 үйге қарама-қарсы

16

Тоқтаров ауылдық округінің Львов ауылы

Центральная көшесіндегі 9 үйге қарама-қарсы

17

Ырсай ауылы

Школьная көшесіндегі "Радуга" дүкеніне қарама-қарсы
Школьная көшесі 19 ғимараттың сол жағында
Степная көшесіндегі "У Аллы" дүкеніне қарама-қарсы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады