Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігіның 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 7415 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 19.05.2020 № 114 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жітіқара аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар қосымшаға сәйкес белгiленсін.

      2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 110 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-156 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) қаулысы;

      2) Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 648 "Әкімдіктің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 110 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4406 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) қаулысы.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жітіқара аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ___________ Ж. Дарбаев

  Әкімдіктің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 416 қаулысына қосымша

Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

Елді мекен атауы

Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

1

Жітіқара қаласы

11-шағын аудандағы Ибрай Алтынсарина көшесі бойындағы автобус аялдамасы жанындағы тұғырлық

11-шағын аудандағы № 16-үй жанындағы стенд

6-шағын аудандағы Ибрай Алтынсарина көшесі бойындағы автобус аялдамасы жанындағы тұғырлық-тіреуіш

5-шағын аудандағы Шокан Уалиханова көшесі бойындағы "Горняк" автобус аялдамасы жанындағы тұғырлық

7-шағын аудандағы В.И. Ленина көшесі бойындағы № 1-үй ауданындағы автобус аялдамасы жанындағы тақта

4-шағын аудандағы В.И. Ленина көшесі бойындағы № 8-үй ауданындағы автобус аялдамасы жанындағы тақта

2-шағын аудандағы № 28-үй жанындағы тұғырлық

2-шағын аудандағы № 4-үй ауданындағы автобус аялдамасындағы тақта

2

Пригородное ауылы

Мира көшесі бойындағы автобус аялдамасындағы тақта

3

Аққарға ауылы

Зайчикова көшесі бойындағы № 1-үй жанындағы тақта

4

Большевик ауылдық округінің Тургенов ауылы

Комсомольская көшесі бойындағы "Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы екі стенд

5

Большевик ауылдық округінің Құсақан ауылы

Центральная көшесі бойындағы "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосақан негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта

6

Тимирязев ауылдық округінің Волгоград ауылы

Производственная көшесі бойындағы №7-үй жанындағы тақта

7

Приречный ауылы

Абая - Школьная көшелері қиылысындағы "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Красноармейск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта

8

Милютин ауылы

Степная көшесі бойындағы "Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы екі тақта

9

Мүктікөл ауылы

Ленина көшесі бойындағы "Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта

10

Забелов ауылы

Октябрьская көшесі бойындағы № 5-үй жанындағы стенд, Комсомольская көшесі бойындағы "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Забелов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

11

Тимирязев ауылдық округінің Тимирязев ауылы

Садовая көшесі бойындағы "Жітіқара ауданының Тимирязев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

12

Степной ауылы

Минская көшесі бойындағы "Жітіқара ауданының Степной ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд, Сабурова көшесі бойындағы №-24 үй жанындағы стенд

13

Чайковский ауылы

Клубная көшесі бойындағы № 3-үй жанындағы стенд, Мира көшесі бойындағы "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Чайковск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта

14

Шевченковка ауылы

Шевченко көшесі бойындағы "Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта, Советская көшесі бойындағы № 2-үй жанындағы тақта

15

Тоқтаров ауылдық округінің Тоқтаров ауылы

Школьная көшесі бойындағы "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тохтаров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта мен стенд

16

Тоқтаров ауылдық округінің Львов ауылы

Центральная көшесі бойындағы № 9-үй жанындағы тақта

17

Ырсай ауылы

Школьная көшесі бойындағы "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ырсай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта, Степная көшесі бойындағы № 1-үй жанындағы тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады