Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 87 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 9210 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) әкімдіктің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 қаулысына (2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 87 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 23 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Адаевка ауылы

Школьная көшесіндегі тақта

2

Алтынсарин ауылы

Школьная көшесіндегі тақта, Октябрьская көшесіндегі тақта

3

Аралкөл ауылы

Абай көшесіндегі тақта

4

Арқа ауылы

Торговая көшесіндегі тақта

5

Бестөбе ауылы

Абай көшесіндегі тақта

6

Дружба ауылы

Советская және Волынов көшелерінің қиылысындағы стенд, Советская көшесіндегі тақта

7

Қамысты ауылы

Ленин және Ержанов көшелерінің қиылысындағы стенд, Құдайқұлов көшесіндегі тақта, Ержанов және Косма көшелерінің қиылысындағы тақта

8

Қарабатыр ауылы

Комсомольская көшесіндегі тақта

9

Клочков ауылы

Учительская көшесіндегі тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады