Павлодар облысы Павлодар қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 5 және Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 464/40 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 6804 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы "Павлодар облысы Павлодар қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" № 61 қаулысы негізінде Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар қаласының шекарасын (шегін) Павлодар ауданы жерлерінің жалпы ауданы 192,8 гектар бір бөлігін Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасында орналасқан Жетекші ауылының шекарасына (шегіне) қосу жолымен өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков
      Павлодар облыстық
      мәслихатының сессия төрағасы С. Прокопьев
      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Б. Бексеитова

  Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 5 мен Павлодар облыстық
мәслихатының 2020 жылғы 20
сәуірдегі № 464/40 бірлескен
қаулысы мен шешіміне
қосымша

Павлодар қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын, Павлодар облысы
Павлодар ауданы жерлері бөлігінің экспликациясы

Р/с №

Атауы

Жерлердің жалпы ауданы, гектар

Барлық ауылшаруашылық алқаптар

Оның ішінде

Өзге жерлер

егістік

шабындық

жайылым

1

Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасында орналасқан Жетекші ауылының шекарасына (шегіне) Павлодар ауданы жерлерінің бір бөлігі енгізілетін жерлердің жалпы ауданы

192,8

-

-

-

-

192,8


Жерлер жиыны

192,8







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады