2020 - 2022 жылдарда субсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 526/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қарашада № 7013 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 883 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес 2020 - 2022 жылдарда субсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы М. Бугубаев
      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Б. Бексеитова

      Павлодар облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 526/43 шешіміне
қосымша

2020-2022 жылдарда cубсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облыстық мәслихатының 22.06.2022 № 166/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Р/с №

Қала және аудан атауы

Маршруттардың тізбесі

1

Павлодар қаласы

"Олимпиядалық резерв бассейні" аялдамасы - "Северный бақшасы" аялдамасы;
"Гагарин" аялдамасы - "Восточный бақшасы" аялдамасы;
"Прибрежный" аялдамасы - "Кенжекөл ауылы" аялдамасы;
"Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы - "Әуежай" аялдамасы;
"КлҰн бау-бақшасы" аялдамасы - "Олимпиядалық резерв бассейні" аялдамасы;
"Ленин поселкесі" аялдамасы - "Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы;
"Прибрежный" аялдамасы - "Мелиоратор бақшасы" аялдамасы;
"Жетекші ауылы" аялдамасы - "Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы;
"Теміржолшылар" аялдамасы - "Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы;
"Павлодарское ауылы" аялдамасы - "Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы;
"Мойылды ауылы" аялдамасы - "Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы;
"Жаңа ауыл" аялдамасы - "Архангельская көшесі" аялдамасы;
"Кенжекөл ауылы" аялдамасы - "Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы;
"Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы - "Дружба бау-бақшасы" аялдамасы;
"№ 4 поликлиника" аялдамасы - "Северный бақшасы" аялдамасы;
"Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы - "Ладожская" аялдамасы;
"Элеватор" аялдамасы - "Зеленстрой" аялдамасы;
"Прибрежный" аялдамасы - "Павлодар қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы - "Металлург бақшасы" аялдамасы;
"Ажар" аялдамасы - "Нефтяник бақшасы" аялдамасы;
"Прибрежный" аялдамасы - "Орталық әмбебап дүкені" аялдамасы - "Металлург бақшасы" аялдамасы;
"Прибрежный" аялдамасы - "Южная станциясы" аялдамасы;
"Авторемонтный завод" аялдамасы - "№ 4 поликлиника" аялдамасы;
"№ 157 соңғы маршруты" аялдамасы - "Теміржолшылар" аялдамасы;
"Шаңғы базасы" аялдамасы - "5-ші автожол "Солтүстік өнеркәсіптік аудан" аялдамасы;
"№ 4 поликлиника" аялдамасы - "Вторчермет" аялдамасы.

2

Ақсу қаласы

"Теміржол вокзалы" аялдамасы - "Ескі монша" аялдамасы;
"Теміржол вокзалы" аялдамасы - "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" акционерлік қоғамының солтүстік өткелі" аялдамасы;
"Ақсу орталық ауруханасы" аялдамасы - "Ягодка" бау-бақшасы" аялдамасы;
"Ақсу орталық ауруханасы" аялдамасы - "Ақсу су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының су мұнарасы" аялдамасы;
"Теміржол вокзалы" аялдамасы - "Беловка" аялдамасы;
"Ескі монша" аялдамасы - "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" аялдамасы;
"Теміржол вокзалы" аялдамасы - "Ақсу ферроқорытпа зауытының 2-аудандық жылу қазандығы" аялдамасы;
"Теміржол вокзалы" аялдамасы - "Ақсу ферроқорытпа зауыты" аялдамасы;
"Ескі монша" аялдамасы - "Больничная" аялдамасы - "Ақсу ферроқорытпа зауыты" аялдамасы;
"Ескі монша" аялдамасы - "Лицей" аялдамасы - "Ақсу ферроқорытпа зауыты" аялдамасы;
"Амангелді" аялдамасы - "Ақсу ферроқорытпа зауыты" аялдамасы;
Ақсу қаласы - Құркөл ауылы - Ақсу қаласы;
Ақсу қаласы - Сольветка ауылы - Ақсу қаласы;
Ақсу қаласы - Сарышығанақ ауылы - Ақсу қаласы;
Ақсу қаласы - Береке ауылы - Ақсу қаласы;
Ақсу қаласы - Ақжол ауылы - Ақсу қаласы;
Ақсу қаласы - Айнакөл ауылы - Ақсу қаласы;
Ақсу қаласы - Үштерек ауылы - Ақсу қаласы.

3

Екібастұз қаласы

"22-шағын аудан" аялдамасы - "Горно-ремонтные мастерские" аялдамасы;
"Горно-ремонтные мастерские" аялдамасы - "22-шағын аудан" аялдамасы;
"Екібастұз жылу орталығы" аялдамасы - "Екібастұз жылу орталығы" аялдамасы (айналма маршрут);
"Вагон депосы" аялдамасы - "Проммашкомплект" аялдамасы;
"Екібастұз қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы -
"22-шағын аудан" аялдамасы;
"Екібастұз қаласының теміржол вокзалы" аялдамасы - "Вагон депосы" аялдамасы;
"Московская" аялдамасы - "Московская" аялдамасы (айналма маршрут);
"Дария" сауда үйі" аялдамасы - "Дария" сауда үйі" аялдамасы (айналма маршрут).

4

Ақтоғай ауданы

Шолақсор ауылы - Ақтоғай ауылы - Шолақсор ауылы;
Барлыбай ауылы - Ақтоғай ауылы - Барлыбай ауылы;
Шұға ауылы - Ақтоғай ауылы - Шұға ауылы.

5

Железин ауданы

Железинка ауылы - Моисеевка ауылы - Железинка ауылы.

6

Ертіс ауданы

Ертіс ауылы - Қызылқақ ауылы - Ертіс ауылы;
Ертіс ауылы "Энергоорталық" аялдамасы - Қызылжар ауылы - Ертіс ауылы;
Қызылағаш ауылы - Селеті ауылы - Ертіс ауылы - Селеті ауылы - Қызылағаш ауылы;
Майқоңыр ауылы - Ертіс ауылы - Майқоңыр ауылы;
Қосағаш ауылы - Ертіс ауылы - Қосағаш ауылы.

7

Тереңкөл ауданы

Тереңкөл ауылы - Ынталы ауылы - Тереңкөл ауылы.

8

Аққулы ауданы

Майқарағай ауылы - Аққулы ауылы;
Қазантай ауылы - Аққулы ауылы;
Бесқарағай ауылы - Аққулы ауылы;
Әбiлқайыр Баймолдин атындағы ауылы - Аққулы ауылы;
Жабағлы ауылы - Аққулы ауылы;
Шоқтал ауылы - Аққулы ауылы.

9

Май ауданы

Көктөбе ауылы - Ақшиман ауылы - Көктөбе ауылы.

10

Павлодар ауданы

Үміт апа ауылы - Павлодар қаласы - Үміт апа ауылы;
Ольгинка ауылы - Павлодар қаласы - Ольгинка ауылы;
Маралды ауылы - Павлодар қаласы - Маралды ауылы;
Павлодар қаласы - Заңғар ауылы - Павлодар қаласы;
Павлодар қаласы - Новоямышево ауылы;
Павлодар қаласы - Богдановка ауылы;
Павлодар қаласы - Заозерное ауылы;
Павлодар қаласы - Рождественка ауылы.

11

Успен ауданы

Дмитриевка ауылы - Қоңыр Өзек ауылы - Успен ауылы;
Надаровка ауылы - Вознесенка ауылы - Чистополь ауылы - Успен ауылы;
Тимирязево ауылы - Ольховка ауылы - Успен ауылы.

12

Шарбақты ауданы

Шарбақты ауылы - Сахновка ауылы - Шарбақты ауылы;
Шарбақты ауылы - Маралды ауылы - Көлбұлақ ауылы - Жылы-Бұлақ ауылы - Шарбақты ауылы;
Есілбай ауылы - Чигириновка ауылы - Ботабас ауылы - Арбаиген ауылы - Галкино ауылы - Малиновка ауылы - Шарбақты ауылы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады