Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы "Ақсу қаласында кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 864/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 712/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қазанда № 6982 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы "Ақсу қаласында кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 864/10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда № 42 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Б. Ибраев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақсу қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы С. Жакипов
      2020 жылғы "24" қыркүйек

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 24 қыркүйегі
№ 712/5 қаулысына
қосымша
  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қазандағы
№ 864/10 қаулысына
қосымша

Кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын
орындары

Р/с

Үгіт баспа материалдарын орналастыру орындары

Жарақтандыру (дана)

1

2

3

Ақсу қаласы

1

М.О. Әуезов көшесі, 8 (Ақсу қаласы әкімдігінің "Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының маңында)

1 стенд

2

Астана көшесі, 37 (Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңында)

1 стенд

3

М.О. Әуезов көшесі, 42 ("Чайка" дүкенінің маңында)

1 стенд

4

М.О. Әуезов көшесі, 81 ("Нива" дүкенінің маңында)

1 стенд

5

М.О. Әуезов көшесі, 41 ("Достық" дүкенінің маңында)

1 стенд

6

Астана көшесі, 12 ("Агидель" сауда үйінің маңында)

1 стенд

7

Мәншүк Мәметова көшесі, 11 ("Камея" сауда үйінің маңында)

1 стенд

8

Астана көшесі, 21 ("Ауыл" коммуналдық базарының маңында)

1 стенд

9

8 Марта көшесі, 203 ("Юбилейный" дүкенінің маңында)

1 стенд

Алғабас ауылдық округі

10

Алғабас ауылы, Советов көшесі, 4А ("Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

1

2

3

11

Айнакөл ауылы, Центральная көшесі, 23А (әкімшілік ғимаратының маңында)

1 стенд

12

Жолқұдық ауылы, Қабылбеков көшесі, 15 ("Ақсу қаласы Алғабас селолық округі Жолқұдық ауылының Қ. Қамзин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

Достық ауылдық округі

13

Достық ауылы, 2 желі көшесі, 34/1 ("Ақсу қаласы Достық селолық округі Достық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

14

Пограничник ауылы, Алексей Пикало атындағы қиылысы, 1 ("Ақсу қаласы Достық селолық округі Пограничник ауылының Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

15

Береке ауылы, Николай Бердников көшесі, 27/1 ("Ақсу қаласы Достық селолық округі Береке ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

Евгеньевка ауылдық округі

16

Евгеньевка ауылы, Ю. Гагарин көшесі, 1 ("Юбилейный" дүкенінің маңында)

1 стенд

17

Үштерек ауылы, Абылайхан көшесі, 21А ("Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

Қалқаман ауылдық округі

18

Қалқаман ауылы, Ленин көшесі, 20А (стадионның маңында)

1 стенд

19

Ақжол ауылы, Школьная көшесі, 4/1 ("Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі Ақжол ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

Қызылжар ауылдық округі

20

Қызылжар ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 1 (Қызылжар ауылының мәдени-бос уақыт орталығы ғимаратының маңында)

1 стенд

1

2

3

21

Сарышығанақ ауылы, Молодежная көшесі, 10 ("Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Сарышығанақ ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі

22

Еңбек ауылы, Ардагерлер көшесі, 17 ("Ақсу қаласы М. Омаров атындағы селолық округі Еңбек ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

23

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, Ш. Арғынбаев көшесі, 1 ("Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Жамбыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд

24

Құркөл ауылы, 40 лет победы көшесі, 9 ("Ақсу қаласы М. Омаров атындағы селолық округі Құркөл ауылының Дөнентаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында)

1 стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады