Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 6 тамыздағы № 436/55 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 6947 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 13/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5094 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      2) Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 8 қазандағы "Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 13/3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" № 380/48 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6567 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы Т. Шмидт
      Екібастұз қалалық маслихатының хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады