Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің Баянауыл ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 1-03/01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 наурызда № 6737 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 14 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Баянауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің Баянауыл ауылының келесі көшелері:

      "Т. Комаров" көшесінің № 1 үйінен бастап № 32 үйге дейін "Сұлтан Сарсенбаев" көшесі болып;

      "Т. Комаров" көшесінің № 33 үйінен бастап № 42 үйге дейін "Қосым Пішембаев" көшесі болып;

      "Рыбалко" көшесінің № 1 үйінен бастап № 7 үйге дейін "Шапық Шокин" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы А. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады