Ертіс ауданы Ертіс ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылы әкімінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 1-03-10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 6868 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ертіс ауданы Ертіс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ертіс ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Ертіс ауылының келесі көшелері:

      "Транспортная" көшесі "Мерей" көшесі;

      "Первомайская" көшесі "Бірлік" көшесі;

      "Базарная" көшесі "Қазына" көшесі;

      "Тельман" көшесі "Ақжол" көшесі;

      "Чехов" көшесі "Қайнар" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс ауылының әкімі К. Бельгубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады