Май ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 235/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 6946 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі М. Актаев

  Май ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 14 қыркүйегі
№ 235/9 қаулысына
қосымша

Май ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшері

Р/с №

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынның тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына шығыстардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

1

Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақбота" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

200

34533

1 жастан 3 жасқа дейін – 8140
3 жастан 6 жасқа дейін – 8580

2

Павлодар облысы Май ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50

52247

1 жастан 3 жасқа дейін – 7744
3 жастан 6 жасқа дейін – 8162

3

Павлодар облысы Май ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімі аппаратының "Балбөбек" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

70

32226

1 жастан 3 жасқа дейін – 6600
3 жастан 6 жасқа дейін – 7480

4

Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылдық округі әкімі аппаратының "Әйгерім" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

20

74196

1 жастан 3 жасқа дейін – 8140
3 жастан 6 жасқа дейін – 8668

1

2

3

4

5

5

Павлодар облысы Май ауданы Май ауылдық округі әкімі аппаратының "Балдырған" бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50

43693

1 жастан 3 жасқа дейін – 6600
3 жастан 6 жасқа дейін - 7000

6

"Ақшиман негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

30

33592

1 жастан 6 жасқа дейін – 7500

7

"Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

37

34065

1 жастан 6 жасқа дейін – 8000

8

"Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

23

20996

2 жастан 6 жасқа дейін – 7700

9

"Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

24

20278

1 жастан 6 жасқа дейін – 7700

10

"Қазан жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

20

68508

1 жастан 6 жасқа дейін –7150

11

"Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

22

23852

1 жастан 3 жасқа дейін – 6600
3 жастан 6 жасқа дейін – 7480

12

"Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

27

33043

1 жастан 6 жасқа дейін – 8000

13

"Саты негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

12

91549

1 жастан 6 жасқа дейін – 6500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады